• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Түркістан облысында 863 жас маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты

10.12.2018
0
Түркістан облысы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда көш бастап тұр. Өткен жылы өңірде 700-ге жуық жас маман ауылдық жерлерге барып, жұмысқа орналасқан. Биыл қызметке кіріскен 863 маманның 314-і баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кентау ауданында да осы жоба аясында жұмысқа тұрып, тіршілігін түзеген жастар аз емес. Сонымен қатар, аудандағы жастар орталығы да жастарға бағыт-бағдар беріп отырады. Бұл — Байылдыр ауылдық округінің мәдениет үйі. Клуб меңгерушісі Гүлнұр Дүйсенбиева ауыл балаларына сахнада өнер көрсетудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Жас маман — Отырар ауданының тумасы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін актерлік өнер мамандығы бойынша бітірген. Жолдасы екеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осында келіп жұмысқа орналасыпты. Қазір екі баланың анасы өз жұмысына дән риза.
«Құдайға шүкір, баспанам бар, жұмысым бар. Ауылдағы жас бүлдіршіндерге сабақ беремін. Өзіме осы жұмысым ұнайды. Осы бағдарламаның шыққанына үлкен рақмет айтамын. Жастарға айтарым, қолдарына дипломдарын алса, мен сияқты ауылға келіп жұмыс істесін, мен сияқты баспаналы болсын», — дейді Байылдыр ауылдық округінің тұрғыны Гүлнұр Дүйсенбиева.
Бүгінде Кентау қалалық Жастар орталығы жастардың жиі бас қосатын орнына айналған. Мұнда Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында «электронды үкімет» жүйесі енгізілген. Жастар өздеріне қажетті барлық ақпаратты осы жерден келіп алады.
Жалпы, орталықта жастарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, белгілі кәсіпкерлердің қатысуымен жастарды кәсіпкерлікке баулып, кепілсіз несие беруге бағытталған түрлі семинар-тренингтер өтіп тұрады. Сонымен қатар жастарды солтүстікке қоныс аударып, сонда қалып жұмыс істеуге насихаттайтын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
«Бүгінгі таңда жастарға не қажет? Ол — жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында бос уақытын қалай өткізеді, соған жастарды бейімдеу. Екіншісі, біздің мемлекеттік бағдарламамыз бар, яғни жастар көбіне тұрғын үй, қолжетімді баспана, «Дипломмен ауылға», «Серпін» бағдарламасына қатысты кеңес береміз. Тоғызқұмалақ үйірмелері, ұлттық құндылықтар, ұлттық ойындарымызды қайта жаңғырту мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істейді», — дейді Кентау қалалық жастар орталығының жетекшісі Қанат Бекметов.
Сондай-ақ, алдағы 2019 жыл — Жастар жылы болғандықтан, оларды жұмыспен қамтып, сапалы білім алуына бағытталған кешенді жұмыс жоспары бекітілген. Қала әкімінің қолдауымен спорт алаңдары да ашылған.

Жалпы, Түркістан облысында бес жүз мыңнан аса жас бар. Бұл — облыс халқының 26 пайызы. «Серпін-2050» жобасы аясында 1 589 жас солтүстік өңірлерде білім алып жатыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.