Шымкенттегі инвестициялық форумда сомасы 200 млн АҚШ долларды құрайтын 11 меморандумға қол қойылды
Мегаполис әкімі Ғ.Әбдірахымов пен «Hyundai Trans Auto» ЖШС директоры В.Вяткин және «MAYDAY KAZKHSTAN» ЖШС төрағасы А.Хидаят арасында үш жақты әріптестік меморандумы түзілді. Оның аясында қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту үшін 13 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмылдырылмақ.
Бұған қоса қала әкімі «Colosseo» компаниясының президенті Ян Енча мырзамен Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары бойынша 40 млн АҚШ долларлық келісімге қол қойды.
Шетелдік компаниялар Шымкентте микрофибралы тоқыма фабрикасын салмақ. Бұған қоса Шымкент-сити аумағында тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимарат, жаңа саябақтың салу секілді бірқатар ірі жобаларға инвестиция салынады деп күтілуде.
Айта кетейік, биыл Шымкентке 524 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көп.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі