Жамбыл облысында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Оған өңірдің 433 қызметкері жұмылдырылды.
Екі күн ішінде жол ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілеріне 365 хаттама толтырылды. Алты күнге жалғасатын шарада мамандар жүгенсіз кеткен жүргізушілерді жөнге салмақ. Жол патрульдік қызметті ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Ержан Мананбаевтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 1 мың 166 жол көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 132 адам қаза тауып, 1 мың 789 адам жарақат алған. Қазір облыстағы жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен қоғамдық көліктер жаппай тексеріліп жатыр.
Ержан Мананбаев, ПД ЖПҚБ жол-патрульдік қызметті ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы:
— Екі күні ішінде жолаушы тасымалдайтын автокөліктерге 365 хаттама толтырылды. Оның ішінде көбінесе жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің бұзатын жол ережелері ол, рөлді басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу және үлкен тас жолдарда жылдамдықты асыру сондай көптеген ережелерді бұзуда.
Дереккөз: 24.kz.