«Қазақ интернетінде контент жасаушылардың ІІІ форумының» қозғалған тақырыптарының бірі. Мұнда веб-аналитика құралдары қолдану тәсілдері, «Chartbeat» сервисінің тұсаукесері, технологиялар, құралдар және монетизациялау үлгілері, дәстүрлі басқару жүйелеріне балама, қажетті тапсырмаларды орындау үшін пайдаланатын құралдар мен өңдеу әдістері, Big Data және автоматтандырылған журналистика, жаңалықтар саласында жасанды интеллектіні қолдану тақырыптары тереңірек қозғалып жақсы пікірталасқа ұласты. Яғни, бүгінде аудиторияның бағындыруда дұрыс әрі сапалы контент құрып, сол арқылы бәсекелестікке төтеп беру сөз болды.
«Айғақ-ақпарат».