• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Астанада дәстүрлі Республикалық Патриоттар форумы өтті

05.12.2018
0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрлі Республикалық Патриоттар форумы өтті.

Мерекелік форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Мемлекеттік рәміздер мемлекетіміздің ең қадірлі, ең қастерлі символдары болып табылады. Аспан түстес байрағымыздың, Елтаңбамыздың және Гимніміздің әрбір элементінде Елбасының, сонымен қатар осы іске атсалысқан әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты мен арман-мұраттары жатыр»,- деп атап өтті.

Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Форум барысында қатысушылар өздерінің жетістіктері жайлы айтып, мемлекеттік рәміздер саласында атқарып жатқан қызметтері туралы өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығының аясында ағымдағы жылы Мемлекеттік Елтаңбамыздағы «Қазақстан» сөзін латын графикасында жазу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына өзгеріс енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, Елбасы тарихи шешімге қол қойғандығы қатысушылар тарапынан аталып өтілді.

Форумда түрлі салада еселі қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен халықтың ықыласына бөленген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен еліміздің 17 өңірінің азаматтары Алматы қаласынан Қасымов Ерболат, Ақмола облысынан Айткужинова Алма, Шымкент қаласынан Қалиева Меруерт, Ақтөбе облысынан Кұспанов Мербол, Алматы облысынан Садуақас Бекарыс, Атырау облысынан Измағанбетов Берік, Батыс Қазақстан облысынан Шудабаев Серікқали, Жамбыл облысынан Саурықов Ерболат, Қарағанды облысынан Даткин Ерканат, Егенов Жасулан, Қостанай облысынан Жакып Калкаман, Қызылорда облысынан Баймаханов Қайраддин, Маңғыстау облысынан Апбасов Ануарбек, Павлодар облысынан Молдабеков Женис, Солтүстік Қазақстан облысынан Азімбаева Рахат, Түркістан облысынан Қозыбаев Алдияр, Шығыс Қазақстан облысынан Әубәкірова Алма, Қазақстан халқы ассамблеясынан Ким Вячеслав және Батырхан Қуантбекті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жыл патриоты» номинациясымен марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыстады. Іс-шара патриоттық концертпен аяқталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.