• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Орынборда біз білмейтін деректер көп…

05.12.2018
0

Қазақтың тұңғыш астанасы Орынборда жүрген «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы сапардағы екінші күнінде тариxтың қызықты қырларына кезікті.  Ростропов атындағы Орынбор мемлекеттік өнер институтында болып, байырғы заманда бал кеші өткен залмен танысты. Бұл зал сізді де қызықтырары сөзсіз. Неге дейсіз бе? Себебі, онда күй атасы Құрманғазы «Балбырауын» күйін шығарған деседі. Құлағымыз шалған бұл мәлімет бізді қызықтырып,  тереңірек зерттеуге кірістік.

Шындығында 1857 жылы сазгер Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың қара домбырасын Орынборда күмбірлетіпті. Нақтырақ тоқталсақ, аймақтағы губернатор бал кешін өткізіп, оған темір тордың арғы шетінде отырған күйшіні арнайы алдыртқан. Алып державаның беделді адамдары жиылған салтанатты сол шарада Құрманғазы бүкіл жұрттың жүрегін күй өнерімен лүпілдеткен екен. Ұйымдастырылған кеш «Бал браун» деп аталғандықтан, шертілген күйдің тарихы осы жерден басталған деген жорамал бар. Бұл ақпаратты Орынбор мемлекеттік өнер институтының профессоры, проректоры Валентина Логинова растап берді. «О Оренбургском искусстве» атты кітапта Құрманғазы Сағырбайұлының Орынборда болғаны жазылып, қазақтың ұлы композиторының аса биік тұлға екенін көрсеткен. Қазақ xалқының ұлы күйшісі туралы естіген осы ақпарат әлі де зерттелуді талап етіп тұр.

125 мыңнан астам қазақ ұлты мекен етіп жатқан Орынборды әрбір қазақ көруі тиіс-ақ! Өйткені бұл шаһарда ұлтымыздың мақтаныштары туралы естеліктер өте көп. Ескі ғимараттары әлі күнге дейін сақталған Орынбор келген туристі өзіне құштарлықпен баурайды. Тіпті қаһаған күннің суығы Қазақстанның оңтүстік өңірінен барған біздерге әсер ете қоймады. Қанша дегенмен алаштың ардақтылары жүрген алғашқы астанамыз ғой. Мұндағы әрбір мұрағат жүрекке жылулық сыйлайды.

Қазақстанмен шекаралас жатқан аймаққа келген біздер қандас бауларымыздың тыныс-тіршілігімен де таныстық. «Бәйтерек» қайырымдылық қорының төрайымы Сәуле Совхозқызымен сұxбаттасудың сәті түсті. Жамбыл облысының тумасы Орынбор қаласына келін. Осында отбасын құрған. 20 жылдай мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Өзін әр салада сынап көрген жерлесеміздің алып державадағы жетістігі көңілімізді қуантты. Орынборлық қазақтарды ана тілінде сөйлеуге шақырып, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып жүр екен. Осы ерлігі үшін 2015 жылы Астана қаласында «Тіл жанашыры» марапатына ие болды.

Сондай-ақ, Орынбор облысында шағын кәсібін ұршықша иіріп отырған Жаңабай Балабаевпен де таныстық. Аталған өлкеде туылып, білім алған қандасымыз Ресейдің патриоты. Туған жері ол үшін — байлығы. Әңгімесін осылай деп өрбіткен бауырымыз Қазақстанға бүйрегі бұрып тұратынын жасырмады. Не дегенмен ата-бабасының жері, Отаны емес пе?!

Еңбегімен еленіп, Орынбордан ойып тұрып орын алған қандастарға Қазақстаннан барған біздер сәлемдеме жеткізіп, сый тарту еттік. Яғни, Түркістан облыстық мәслиxатының депутаты Дулат Әбішке еліміздің тариxымен байланысып жатқан құнды «Отырар жәдігерлері» кітабын бабтардың бабы Арыстанбаб жатқан киелі өлке Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов табыстаған болатын. Енді міне, сол «Отырар жәдігерлері» шекара асып, қазақтың тұңғыш астанасындағы қандастарымыздың қолына тиді. Ал, алыс-жақын шетелдерге аты мәшһүр архитектор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бақытжан Әшірбаевтың «Фотоморфозы» атты кітабы да енді Орынбор қазақтары шаңырағының төрінде тұрады. Қазақстандағы үш бірдей ғылым академиясының академигі, профессор, педагогика ғылымының докторы  Асма Қалыбекованың қазақтың салт — дәстүрлері насихатталған ағылшын тіліндегі кітаптары да орынборлық оқырмандардың жүрегінен жоғары орын табары сөзсіз.

Осылайша, тағдырдың айдауымен көрші мемлекетте тер төгіп жүрген қазақтарды рухани бір серпілттік. Жылы жүзбен қарсы алған қандастармен кездесу қимастықпен аяқталды. Дүниенің қай жерінде жүрсе де қазақ екенімізді ұмытпағанымыз абзал. Ал Орынбор — біздің қайта оралатын тарихи астанамыз.

Бағлан Байкөбекқызы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.