• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қазақстан Президенті «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумға қатысты

01.12.2018
0

Елбасы форум басталар алдында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ғылыми жобалары қойылған көрмені аралап көріп, осы білім беру мекемелерін одан әрі дамыту стратегиясы жөніндегі баяндаманы тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде форумға қатысушылардың бәрін зияткерлік мектептердің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мектептер еліміздің білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтті.

– Зияткерлік мектептер мемлекетіміздегі орта білім беру жүйесінің эталонына айналды. Бүгінде Қазақстанның барлық мектептері сіздерге қарап бой түзейді. Өскелең ұрпақтың қазіргі заманғы талаптарға сай болуы базалық білімге тікелей байланысты, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өңірлерде ашылған 20 зияткерлік мектепті қазіргі кезде 8 мыңнан астам оқушы бітіріп шыққанын айтты.

– Еліміздегі әрбір дарынды баланың әлемнің үздік стандарттары бойынша білім алуына мүмкіндік туғызу біз үшін маңызды болды. Оның басты қағидаттары – оқу үдерісінің жүйелілігі, мақсаттардың айқындығы және тәжірибе жүзінде оқыту, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы білім берудің озық әдістемелерін және іріктеудің қатаң жүйесін енгізу нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары математикалық сауаттылық бойынша әлемнің үздік 10 елінің оқушыларының қатарына қосылғанын атап өтті.

– Бүгінде мұнда еліміздің барлық өңірінен келген балалар білім алуда. Солардың 3 мыңнан астамы – көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары болса, 2,5 мыңы – ауылдық жерлер мен шағын қалалардан келген оқушылар. Бұл – әлеуметтік әділеттіліктің және әрбір талантты баланың өзін-өзі танытуы үшін жасалған мүмкіндіктің нақты көрсеткіші, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті зияткерлік мектептерді ілгерілетудің оң қарқынын сақтап, оларды одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын айқындау қажеттігіне назар аударды.

– Қазірдің өзінде цифрлық технологиялар, биоинженерия және роботтандыру салаларында жұмыс істей алатын жаңа мамандар қажет. Алдағы 10-15 жыл ішінде жасанды интеллект пен автоматтандыру технологиялары өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы инновациялық технологиялар енгізу тұрғысынан оқушылардың жаңа кәсіптерге бейімделуінің маңыздылығына тоқталды.

– Әлем күн сайын дамып келеді, үнемі инновациялық және жаңа дүниелер ашылуда. Сондықтан жылдам өзгеріп жатқан өмір талаптарына сай болу үшін сіздерге заманауи технологияларды меңгеру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті оқушылардың STEАM-дайындығын күшейтіп, алған білімдерін жобалық және зерттеу жұмыстарын орындау арқылы тәжірибеде жүзінде қолдануды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтты.

– Ағылшын тілінен аударғанда, STEАM дегеніміз – жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия, өнер және математика салалары. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманда сұранысқа ие болып келе жатқан пәндер. Мұндай пәнаралық және қолданбалы әдісті қолдану балаларды сыни ойлауға үйретеді. Соның арқасында жаңашылдар мен өнертапқыштардың жаңа буыны қалыптасады, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы төртінші бағыт ретінде шет тілдерді меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

– Биылғы оқу жылында зияткерлік мектептерде оқушылардың таңдауы бойынша екінші шет тілін меңгеру қолға алынды. Жаһандану жағдайында шет тілдерін білудің маңызы аса зор. Тілдерді білу басқа елдердегі адамдардың менталитеті мен мәдениетін түсінуге жол ашып, жоғары білім алу және жұмысқа орналасу барысында таңдау жасау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, – Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамыту мәселелеріне тоқталды.

– Эмоциялық интеллект қазіргі заманда бәсекеге қабілетті тұлғаның маңызды қасиеті саналады. Аясы тар техникалық құзыреттіліктерге қарағанда, адамдарды сендіре алу, оларға жанашырлықпен қарап, тыңдай білу, төзімділік таныту қабілеттері сұранысқа көбірек ие болады, – деді Елбасы.

Соңында Мемлекет басшысы зияткерлік мектептердің 10 жылдық мерейтойы дамудың жаңа кезеңі және еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа ауқымды жетістіктердің бастауы болатынына сенім білдірді.

– Қазіргі кезде терең білім алу, шет тілдерін және заманауи технологияларды меңгеру бәріміздің басты міндетіміз болуға тиіс. Сіздер сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра аласыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақорда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.