Грузияда өткен прзидент сайлауында алғаш рет әйел адам жеңіске жетті. Грузия елінің жаңа президенті болып Саломе Зурабишвили тағайындалды.
Саломе Зурабишвили барлық дауыстың 59,61 пайызын жинаған.
Ал президенттікке үміткерлердің бірі Григол Вашадзеге 40,39% пайыз дауыс беріліпті.
Зурабишвили өзінің жеңісі — қоғамның жеңісі екенін мәлім етті.
Грузияның жаңа президентіне елдегі ең үлкен қалалардың тұрғындары дауыс берген.
Тбилисидің 10 аймағы да бірауыздан саясаткер әйелді қолдапты.
Дереккөз: sputnik.kz.