• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ 75 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

29.11.2018
0

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік жиын білім ордасының алдынан бой көтерген ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың еңселі ескерткішінің ашылу рәсімімен басталды.

Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, оқу орын басшылары мен студенттер және түрлі салада еселі еңбектерімен ел абыройын асқақтатып жүрген университет түлектері қатысты.

Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде іргесі қаланғалы ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан оқу орынның ұстаздарына алғыс білдірді.

«75 жылдық тарихы бар білім ордасы үшін биылғы жыл толағай табыстарға толы болды. Атап айтсақ, еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингісінде ІІІ-орынды иеленсе, QS рейтингісі бойынша әлемдегі 4,5 мың жоғары оқу орындарының ішінде 609-дан 501-ші орынға көтерілді. Бұл осында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан оқытушы-профессорлардың ерен еңбегі деп айтар едім. Жалпы Түркістан өңірінде 500 мыңнан аса жас бар. Мұнда оқитын студенттердің басым көпшілігін облысымыздың жастары құрайды. Ендеше осында білім алып, өз саласының үздігі атанған бітіруші түлектер түркі дүниесінің орталығына айналған Түркістан облысында өздерінің жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асырады деп сенім білдіремін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында белсенді қоғамдық қызметі және білім беру мен тәрбие ісі процестерін ұйымдастыруда еңбек еткен университеттің бірқатар қызметкерлері «Ыбырай Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, сондай-ақ облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, еліміздің игі істері мен жаңашыл бастамаларының алдыңғы сапынан табылып жүрген оқу орынның түлектері –ҚР Ұлттық Ғылымдар Академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Жұрыновқа, экономика ғылымдарының кандидаты, 1973 жылдан ҚазХТИ комсомол комитетінің хатшысы, қоғам қайраткері, 1993-1997 жылдары ОҚО әкімі қызметін атқарған З.Тұрысбековке және бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы аталған білім ордасы 1943 жылы құрылыс материалдары технологиялық институты болып құрылған. Қазіргі таңда, мұнда 1700 оқытушы-профессор, 136 ғылым доктор, 646 ғылым кандидаты мен доцент 20 мыңнан астам шәкіртке дәріс беріп келеді. 75 жылда уверситеттен 100 мыңға жуық студент түлеп ұшқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ОТБАСЫ БАНК» ЖАҢА ОРТАЛЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

«ОТБАСЫ БАНК» ЖАҢА ОРТАЛЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Үй алу үшін неден бастау керек? Қалай ақша жинап, қандай бағдарламалар арқылы баспаналы болуға болады? Шымкентте осы сауалдарға жауап беретін...

ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Өз өнімдерімізді танытуға зор мүмкіндік туды! Шаһарда отандық өндірушілердің басын қосқан «Шымкент өнімдері» көрмесі өтуде. Төрт күнге жалғасатын жәрмеңкеде жергілікті...

ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ҚАРИЯЛАР

ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ҚАРИЯЛАР

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Жас ұлғайса да, жігер мұқалмайды! Спортқа құштар қариялар бұл жолы сайыс алаңында бас қосты. Республика күніне орай Шаһарда ұйымдастырылған спартакиадада...

АНГАР ҮЛГІСІНДЕГІ ҚОС НЫСАН

АНГАР ҮЛГІСІНДЕГІ ҚОС НЫСАН

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ және Нұрсәт шағынаудандарында ангар үлгісіндегі модульді екі спорт залдың құрылысы аяқталды. Жаңа нысандар бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндік...

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шаһарда Саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін ұлықтаған мәдени кешеннің құрылғанына биыл 25 жыл. Осыған орай Тарих және Тағылым атты ғылыми-тәжірибелік конференция...

ҚАІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ҚАІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте биылғы шомылу маусымы қорытындыланды. Қала аумағында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде шомылу маусымы кезінде...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.