• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ұлттық экономика министрі бірқатар азық-түлік түрінің қымбаттау себебін түсіндірді

27.11.2018
0
Елімізде көмір арзандайды. Үкімет келер жылдан бастап қара отынның құнын 20 процентке дейін төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Инвестициялар және даму министрлігі жергілікті әкімдіктер және көмір тасымалдаушылармен ортақ меморандум бекітіп жатыр. Үкімет отырысында айтылған ақжолтай хабар бұл ғана емес. Ел ішінде жылу мен жарық құны да айтарлықтай төмендейді. Тек азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр.
Қатулы басталған жиын жауаптылар жөңкіле сөйлегенде бірте-бірте жіби түскендей болды. Мінбердегі министрлер шетінен ақжолтай ақпар айтумен болды. Сүйіншіні алдымен Қанат Бозымбаев сұрады. Энергетика министрі жылу мен жарықтың құнын біршама төмендетудің амалын тауыпты. Олар электр қуатын өндіретін компанияларға берілетін газдың шектік бағасын 22 пайызға дейін арзандатқан. Сәйкесінше, қуат көзі де елге енді төмендетілген тариф бойынша таратыла бастайды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
– Энергия өндірушілердің тарифтерін төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, тауарлық газдың көтерме шекті бағасын төмендету бойынша бұйрық жобасы әзірленді. Біздің есебімізше, көтерме баға төмендесе, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерге байланысты газ пайдаланатын электр стансалары үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасы 12 пайыздан 22 пайызға арзандайтын болады. Қыстың көзі қырауда жылуға жарымай жүрген жандарды Жеңіс Қасымбек те қуантып тастады. Инвестициялар және даму министрі келер жылдан бастап елімізде көмір құны 18 пайызға төмендейді деді. Шамамен 3 мың теңгеге арзандайды. Қазірдің өзінде қай өңірде отын құны қандай болатыны белгілі болған. Мәселен, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 тонна көмірдің құны 2200 теңгеге, Алматы облысында 3 мың теңгеге, ал Шымкентте 2 жарым мың теңгеге арзандайды.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
– Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының жергілікті атқарушы органдары өңірлерде орналасқан қойма иелерімен меморандумдар жасасты. Қалған өңірлер де осындай меморандумға қол қою жұмыстарын жүргізуде. Қара отын құнының төмендеуіне тараптардың өзара уағдаластығы түрткі болған. Министрлік тау-кен өндіру кәсіпорындарымен және өңірдегі әкімдік өкілдерімен бірлесіп, меморандум жобасын әзірлепті. Бірақ аймақ басшыларының барлығы бірдей бұл бастамаға үн қатпаған. Министр қалыс қалғандарға тездету керектігін ескертті.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
– Жергілікті атқарушы органдардың меморандум жасасуды жылдамдатулары қажет. Осы жұмыстың нәтижесінде біз көмір қоймалары мен бөлшектеп сату орындарындағы бағаны төмендетуді жоспарлап отырмыз. Президенттің ай басында Қауіпсіздік кеңесінде айтқан ескертпесінен кейін, сала жауаптылары шалт қимылдай бастағандай. 2019 жылы байланыс қызметінің тарифтері де төмендейтін болды. Енді, интернетке де бұрынғыдай көп қаражат шығындамайтын болдық.
Динара Щеглова, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары:
– Келесі айдың соңына дейін қолжетімді әлеуметтік тарифтер пакетін әзірлеп, байланыс бағасын төмендету ұсынылды. Аталған тарифтік пакеттер бойынша ақпарат БАҚ-та жарияланады. Министр біткен осылай сүйіншілеп жатқанда, Тимур Сүлейменов бағамен әлі алысып жатқандарын айтып, тосырқап қалды. Ұлттық экономика министрі азық-түлік өнімдерінің құны төмендеген жоқ, керісінше жыл басынан бері 1,9 пайызға қымбаттады деді. Құнның ырыққа көнбеуіне ортақ нарықтағы бағаның дес бермей жатқаны себеп екен.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Өткен аптамен салыстырғанда, бағалардың индексі 0,2 пайызға өсті. Жылдың басынан бері бағалардың жоғарлауы 1,9 пайызды құрап отыр. Бағлалардың өсуі қант, қырыққабат, күріш, тауық еті сияқты азық-түлік өнімдерінде байқалуда. Азық-түлік тауарлары бағаларының негізгі өсу себептері ЕАЭО нарығында өнімдердің қымбаттауы, сондай-ақ өзіндік құн құрылымындағы үстеме шығыстардың өсуі болып табылады. Барлығын бүкпесіз баяндаған Тимур Сүлейменов бағаны реттеуге әкімдер де атсалысса дейді. Өйткені, құнды құбылтып отырған көбіне ортадағы делдалдар.
Мысалы, жыл басынан бері қант — 23,4 пайызға, орамжапырақ – 13, күріш – 12,6, ал тауық еті 11,1 пайызға қымбаттаған.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Тауық еті бағасының өсуі, негізінен құс етінің шамамен 50 пайызы АҚШ-тан импортталатынына байланысты. АҚШ доллары бағамының өсуі импортталатын тауық етінің қымбаттауына алып келуде. Бұған дейін ресейлік күнбағыс майын Түркияға экспорттау бойынша баж салығы 36% құрады. Осы баж салығының күші жойылғаннан кейін ресейлік күнбағыс майының экспорты түрік нарығына қайта бағытталды. Министрлердің мәлімдемесін тыңдаған Үкімет басшысы бағаны қалай да тежеу керектігін айтты. Бұл міндет әкімдерге де жүктеліп отыр. Өңір басшылары азық-түлік нарығындағы делдалдарды жойып, құнның енді өспеуін қатаң қадағалау керек.

Дереккөз: 24.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.