• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Елбасы курстастары «1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне» орай ОҚМА студенттерімен жүздесті

27.11.2018
0

Ұлт көшбасшысының курстастары «1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне» орай Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттерімен арнайы кездесіп, жастармен сырласу сәтін өткізді.Жүздесуге Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Құрметті металлургі», Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Аманәлі Әбдіраманов қатысты. Сондай-ақ, Түлкібас ауданының, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Марат Қыстаубаев және Әсетулла Каримовта бар. Олар Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге Украина мемлекетінің Днепродзержинск қаласында №8 техникалық  училищесінде  білім алған. Сонымен қатар, «1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Мемлекет басшысының курстастарымен жастардың кездесуін ұйымдастырған Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, осы жобаның жетекшісі Дулат Әбіш қатысты.Мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылған жобаның мақсаты елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып жүрген Елбасының кісілік келбетін жастарға үлгі ету. Елін сүйген, елі сүйген Елбасының өмірдеректерінен ақ парақтарын ақтарып, сырлы да нұрлы жолын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу.Жастарға рухани азық сыйлайтын патриоттық сезімдерін оятып, рухы биік жас ұрпақты қалыптастыруда Елбасының курстастары Нұрсұлтан Әбішұлының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін айтып өтті.Училище қабырғасында бірге өткізген қызықты да әсерлі студенттік шақтарымен бөлісті. Бір шатырдың астында бірге болған курстастардың бар ынта-жігерлерімен қалай білім алғандығы туралы баяндап берді. Сырға толы сырласуда өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөліскен ағалар қауымы бүгінгі жиналған жастарды терең білім алып, патриот болуға шақырды.Елбасының сәнді де мәнді ғұмырынан сыр шертілген бұл жүздесуде Мемлекет басшысының 21 қараша күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұмыт қалдырмады. Ұлт көшбасшысының елді дамытудағы саясаты мен қазақ тарихын жаңғыртудағы игі бастамалары осы шарада баяндалды. Кешегі жарияланған Елбасы мақаласындағы маңызды міндеттер мен тың жобаларды іске асыру жолында қандай жұмыстар атқару керек екендігі сөз болды. Өз кезегінде жастарда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ерекше ұнаған тұстарын аса құштарлықпен жеткізді. Жастардың жүрегіне жол тартқан бұл жоба алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға сіз болып, біз болып атсалысуға шақырды.

Ұлдархан Уәлиханқызы.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.