Мырзабек Рысбек, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры:
— Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысып, қызығушылықпен талқылап жатырмыз. Әрине, Ұлт көшбасшысының мақаласында біздің ғасырлар бойы келе жатқан терең тарихымыз жатыр. Сол ата-бабаларымыздың жолымен осы Ұлы Дала жерінде тұрған ел қазіргі таңда егеменді ел болып дамып келе жатқан жағдайы бар. Сондықтан бүгінгі заманның талабы жаңа технология енгізіп, біздің жастарды сол жаңа технологияға бейімдеу, цифрландыруға бейімдеу. Сол арқылы қабілеттілікті арттырып, қазіргі заманның талабына сай болуы, қазіргі заманның нарығына төтеп беретіндей жағдай. Біз сол үшін осы жаңа форматта жұмыс істеп келе жатырмыз. Негізгі біздің, яғни құрылтайшының қойған талабы, қазіргі өмірдің негізгі талабы сапаны көтеру. Біз осы бағытта соңғы он айда бірқатар жұмыстар атқарудамыз. Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар осы сапаны көтеруге арналған. Мен ойлаймын осы мақалаға сай, осы мақаланы орындау барысында жұмыс жасап жатырмыз деп.