• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қазақстан-Өзбекстан вице-премьерлері Шымкентте ынтымақтастық меморандумына қол қойды

17.11.2018
0

Шымкентте алғаш рет өткен Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының алғашқы форумында бірқатар келісімдер жасалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин және Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов әріптестікті дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Пленарлық отырыста екі елдің облыс және қала әкімдері де бірлесе меморандум түзді.   

Жалпы, 2018 жыл – Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты аяқталуға жақын. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы осыған тоқталды.

– 2018 жыл әріптестікті дамыту іс-шараларымен есте қалып отыр. Қазақстандағы Өзбекстан жылы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға көп үлес қосты. Бұл мақсатта көптеген іс-шаралар өтті. 9 айда сауда тауар айналымының көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асты. Яғни, 40 пайызға ұлғайып отыр. Бұл көрсеткішті одан әрі көбейтуді көздеп отырмыз. Міне, ең алғашқы форум да Шымкентте өтіп жатыр. Қаланың республикалық мәртебе алуы бұл бастамаларды одан әрі нығайтуға жаңа серпіліс береді деп ойлаймын. Жалпы, түзілген меморандум экономиканың түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосады деп сенеміз. Екі елдің Үкіметі тауар айналымды келесі жылға 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр, — деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Өңіраралық форумның маңызы – сауданың рөлін күшейту, экономикалық әріптестікті, сауда қатынастарын аймақтар арасында дамытуға серпін беру. Қазақстан мен Өзбекстан Орта Азиядағы экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы тиіс. Түрлі идеялдар мен жобалардың талқылануы, келісімдер жасауы – бұл екі елдің экономикасына зор серпін береді.

   

Сондай-ақ, ендігі ретте көлік дәліздерін, инфрақұрылымды және цифрлық технологияларды бірлесе дамыту жоспарлануда. Өз кезегінде көрші елдің Үкімет басшысының бірініші орынбасары бұл пікірді толық қуаттады. Форум қазақ-өзбек мәдениетін одан әрі нығайта беретінін атап өтті.

– Өзбекстан Үкіметінің атынан зор алғысымды білдіремін. Бұл форум тек қана сауда-экономикалық қатынастарды, өнеркәсіп индустриясын дамыту ғана емес, екі елдің туыстық-қарым қатынастарын, мәдени-рухани байланыстарды да арттырады. Қазақстан – біздің басты стратегиялық серіктесіміз. Біздің достық қарым-қатынасымыз нығайып келеді. Бір жылдың ішінде біздің еліміз экономиканың түрлі салаларында жетістікке жетті. 2018 жылы тауар айналымы өсті. Әлі де жыл соңына дейін 3 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл – нақты меже. Бұған дейінгі өткен бизнес-форум да өз жемісін берді, — деді А.Раматов.

   

Бұл ретте Шымкент пен Ташкент қалалары бірлесе дамымақ. Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов та алғашқы форумның Шымкентте өтіп жатқанына алғысын айтып, көршілес қос мегаполис қаланың бірлесе дамитынына сенім білдірді.

– Алғашқы форумның Шымкентте өтіп жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе. 15 наурызда Астана қаласынан басталған Қазақстандағы Өзбекстан жылы көптеген іс-шараларға ұйытқы болды. Елбасы атап өткендей, Өзбекстан біздің басты стратегиялық әріптес елдердің бірі. Басты келісім – ол екі елдің достығы және стратегиялық әріптестігі. Шымкент пен Ташкент бірлесе дами бермек. Ең бастысы, екі мегаполис қаланың арасы бар-жоғы 100 шақырымнан сәл асады. Бұл бізге бірлесе дамуға зор мүмкіндік береді, — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Сондай-ақ, екі елдің әріптестігі аясында Шымкент пен Ташкент арасындағы туризм де дами түспек.

Жиын соңында А.Мамин мен А.Раматов ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Жызақ облысының әкімі Ергаш Солиев те әріптестікті дамыту бойынша меморандум түзді.

Айта кетейік, өңіраралық алғашқы форум барысында екі тараптың ауыл шаруашылығы техникалары, өнеркәсіп, жеңіл және тағам өнеркәсібі, құрылыс, жиһаз өндірісінің көрмесі өтті. Көпшілік назарына асыл тұқымды шаруашылық, тоқыма бұйымдары, фармацевтика өнімдері ұсынылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.