• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Мақтаарал ауданы 90 жылдығын тойлауда

16.11.2018
0

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, ауданның 90 жылдық мерейтойына қатысты.

«Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен ауданның 90 жылдық мерекесінің ашылуына қатысқан Түркістан облысының басшысы еңбекқор мақтааралдықтарға деген ізгі тілегін арнады.«Облысымыздың басқа аудандары сияқты мақталы Мақтааралдың да тарихы өте бай. Аңызға бергісіз әңгімелері мен оқиғалары да сан алуан. Алғашында Мырзашөл атауымен белгілі болған бұл мекеннің ерекшелігі — жердің жомарттығында, мақтааралдықтардың ерен еңбегі мен ақылы — шөл даланы гүлді, жазиралы жәннәт мекенге айналдырды. Мырзашөл даласын суландырудағы негізгі мақсат — мақта алқабын молайту еді. Алғаш рет ауданда мақта шаруашылықтары құрылып жатқанда Түркістан жер шаруашылығы халық комиссары қызметін атқарып жүрген ұлт мақтанышы Сұлтанбек Қожанов каналды қазушылармен болған кездесуінде мақтаның аса қымбат  шикізат екенін, болашақта ақ алтын күллі Түркістан өлкесінің байлығы болатынын айтқан екен. Міне, Елбасымыздың тікелей қолдауымен Түркістан облысының жаңа дәуірі басталып келеді. Облысымыздың қиыр оңтүстігінде орналасқан, ақ алтынның ордасы — мақталы Мақтаарал ауданының мерейлі мерекесі бәрімізге ортақ мақсат — той тойлау емес, бір ғасырға жуық уақыт аралығындағы оқиғаларды ой елегінен өткізу. Елдің бірлігін нығайтып, игі іске жұмылдыру» — деді облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы. Мұнан соң Түркістан облысының әкімі Мырзакент кентінің орталық алаңында өтіп жатқан күзгі жиын-терім науқанын қорытындылауға арналған «Алтын күз — 2018» шарасында аялдады. Биыл мақтааралдық диқандар 60 926,3 гектар жерге егістік ексе, оның 38 593,2 гектары мақта дақылы болатын. Аудан бойынша бүгінге дейін 96 мың 600 тонна «ақ алтын» жиналды. Мақташылардың бұл жетістігі ауданның 90 жылдығына тамаша тартуы болды. Жалпы үш күнге жоспарланған Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы «Терме бойтұмарым» атты термешілер байқауы, «Бауырсақ фестивалі», «Палау фестивалі» іс-шарасы, жастар арасында «Жайдарман» ойындары, мерекелік концерттер, отшашулар және Жетісай аудан өнерпаздарының «Мырзашөлім — мырза елім!» атты концертімен жалғаспақ.

Салтанат Тойболова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.