• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 9 қараша, 2018 жыл

13.11.2018
0

— Түркістан облысында әлі де үш ауысымды мектептердің мәселесі оң шешімін таппай отыр. Білім саласындағы  бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін 4 мектептің құрылыс жұмыстары басталмақ. Ал нысандардың бой көтеруіне   республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлінетін болды. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтты.

— 2018 жылдың 9 айында Түркістан облысының 300-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары 323,9 млрд теңгенің өнімін  өндірген. Осының нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрап отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әбубәкіров арнайы баспасөз жиынында мәлімдеді.

– Түркістан қаласына «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша ғалымдардан құралған насихаттық топ келді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Назарбаев университетінің профессоры Жазира Ағабекқызы бастаған топ арнайы баспасөз жиынын өткізді. Онда Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл- қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыста өтетін семинарлар барысы баяндалды. Сондай-ақ латын әліпбиінің мән маңызы мен емле-ережесіне кеңінен тоқталды. Латын әліпбиі біздің тарихымызда болған. Сондықтан қайта оралу қиынға соқпайды. Жаңа жасақталған латын әліпбиі арқылы біз сырттан сөз алғанда өзіміздің төл дыбыстарымызға реттеп алатын боламыз деді тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы. Қазіргі кириллицамен айтылып жүрген сөздер алдағы уақытта төл дыбыстарымызбен оқылатын болады. Біз осылай ұлттық артикуляциямызды сақтауымыз қажет. Алдағы уақытта оқу орындары мен мемлекеттік қызмет саласында латын графикасы кезең кезеңмен сатылап енгізілетін болады. Айта кетерлігі ағымдағы жылдың 14 қараша күні Қазақстан бойынша латын әліпбиінде онлайн режимінде диктант жазылып, бүкілхалықтық қолдау көрсетілмек.

— Арыстықтардың қамбасы астыққа толды. Яғни, қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен  «Алтын күз – 2018» атты жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары және 6 ауылдық округ жұмылдырылған. Мереке соңында жаз бойы тынбай еңбек етіп, толағай табысқа жеткен еңбек ерлері арнайы сыйлықтармен  марапатталды.

— Бәйдібек ауданы экономикасының негізгі тірегінің бірі ауыл шаруашалығы саласы екендігі белгілі. Бұл ретте жергілікті жердегі шаруа қожалықтардың  да агро секторға  қосып отырған үлестері мол. Яғни аймақ шаруалары Мемлекет басшысы биылғы жолдауында атап өткен  еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есегеге дейін көбейту межесін орындауға белсенді ат салысып отыр. Солардың бірі Көктерек ауылдық округіндегі «Бердібай» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығынан өзге ірі қара мал бордақылап ет өндіру жұмыстарын да бастап кетті.

—  8 қараша күні  Түркістан ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан қаласының ауылдық округтерінің бірінде бұрын соңды сотты болған, жасы 30-35 шамасындағы жергілікті тұрғынды ұсталды. Жедел із кесушілер күдіктіден оқ- дәрілері бар аңшылық қару мене 20 келі марихуанна тәркілеп отыр. Түркістан полициясымен ағымдағы жылдың он айында есірткіге қатысты 333 қылмыс анықталып, 6,5 тн есірткі құралдары тәркіленген. Ал қылмыстық жауапкершілікке 50-ден астам есірткі сатушы тартылған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.