Қытайлық «Xinjiang Tianye Water Saving Irrigation System Co., Ltd» компаниясы Түркістан облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда. TURKISTAN INVEST компаниясының басқаруымен жүзеге асатын жобаға қытайлық тарап 30 миллион АҚШ долларын бөлуге дайын.
Екіжақты келіссөздер өткеннен кейін инвесторлар Түркістан облысына келіп, онда Бәйдібек ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының аумағында жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ, əрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалары айқындалды.
Түркістан өңірі Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру елімізден бөлек, Орталық Азия елдерімен де бәсекелесуге өз үлесін қосады.
«TURKISTAN INVEST»
«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы