• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Sitcen.kz порталы — сыбайлас жемқорлықпен күрес

03.11.2018
0

Түркістан облысында білім саласындағы жемқорлықты жоятын «Sitcen» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде оның ықпалымен сыбайлас жемқорлықтың орын алуы 65%-ға төмендеген. Яғни, жұмысқа қабылдану, баланы мектепке  тіркеу және балабақшаға кезекке қою қызметінің барлығы электронды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 маман өзі қалаған жұмысқа орналасқан. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл жобаны алғашқы болып Түркістан облысы іске асыруда.«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының білім саласында жүзеге асуы бүгінгі таңда мықтап қолға алынған. Ал, Түркістан облысы Республика деңгейінде бұл жүйені ең бірінші болып қолға алған өңір. Sitcen.kz порталы енді облысымыздағы барлық тұрғындарға тиімді. Себебі, үйде отырып-ақ балаңызды мектепке немесе балабақшаға смартфоныңыз арқылы тіркей аласыз.

Порталда balabaksha.sitcen.kz бөлімі бар, сол арқылы көрсетілген орындарды толтырып, балаңызды кезекке қоя аласыз. Көп уақытыңызды да алмайды, балаңыз балабақшаға қабылданған уақытта ұялы телефоныңызға барлық ақпарат көрсетілеген смс келеді. Бүгінгі таңда «мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына 481 МДББҰ қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу 2018 жылдың соңына дейін жоспарлануда. Мұнымен қоса, енді ата-аналар балаларын жетектеп, қолына құжаттарын ала жүгірмей, mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына қабылдана алады. Бүгінгі күні бұл жүйе арқылы 54751 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жүйе 2018 жылдың шілде айынан бастап облыстағы барлық 902 мектепке енгізілген болатын.

Сонымен қатар, облыстағы барлық мектептерде jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Бұл өзгеріске ерекше назар аудармасақ болмас. Өйткені, Түркістан облысы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың орын алу  көрсеткішінде көш бастап тұрған болатын. Енді бұл салада алаңдатушылық тудырған мұндай кемшілікті  jumys.sitcen.kz порталы алдын алуда. Неге десеңіз, жүйенің өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар. Біріншіден, порталға тіркеліп, сұралған құжаттардың барлығын электронды түрде жүктейсіз. Содан кейін тағы да электронды түрде тест тапсырасыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізсеңіз, ұялы телефоныңызға смс келіп, сізді комиссия мүшелерімен кездесуге шақырады. Ерекше айта кететін жайт, комиссия мүшесі кім болатыны құпияланады. Комиссия мүшелері де алдына келетін маман жайлы, тіпті қай күні комиссия мүшесі болатынын да білмейді. Және бұл туралы ақпарат тек смс арқылы жүзеге асырылады. Ешқандай сала қызметкері емес, жүйенің өзі жұмыс атқарады. Түркістан облыстық білім басқармасының орынбасары Ардақ Мәдіханқызының айтуынша, облыста орын алған білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жойылуына sitcen.jumys.кз порталы өз нәтижесін көрсетуде екен. Көрсеткіш 65 пайызға төмендеген.

Бұдан өзге облыс бойынша «BilimLand»цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз мектептер қосылған 3511 акаунттық барлығы активация жасалған. Облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектептерге таратылып цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде. Түркістан қаласында орналасқан №23 IT мектеп-лицейінде оқушылар соңғы үлгідегі ақылды техникалармен толықтырылған. Қағазбастытылықтың да жойылу ұшқыны көрініп тұр. Енді оқушыларда күнделік, ал мұғалімдерде журнал жоқ. Барлығы электронды түрде жүзеге асырылуда.

Білімді ұрпақ-елдің жарқын болашағы. Бүгінде осындай ұрпақ тәрбиелеу жолында түрлі қызметтер атқарылып жатыр. Тек білуге ұмтылған оқушылар мен жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ұстаздар болса болғаны.

Тоғжан Нарбай.

 

Previous Post

Швейцария Қазақстанға туризмді дамытуға көмектеседі

Next Post

Законодателей США призвали принять документ о голоде в Казахстане

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.