Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына Алматы қаласының Хирургия Институты кеуде хирургиясы және пульманология департаментінің жетекшісі Темур Ешмұратов келіп, ота жасады. Тәжірибе алмасу мақсатында жүргізілген отаның ерекшелігі — заманауи видеоторакоскопия әдісін қолдану болды.Осыған дейін өкпенің бір бөлігін алып тастау операциясы ескі тәсілмен жасалып келген. Яғни, кеудені кесіп, ашу арқылы жүзеге асырылған. Енді олар эндоскопия құрылғысының көмегімен бар болғаны үш сантиметрге кеудені кесіп, өкпенің бір бөлігін жылдам алып тастайды. Жаңа әдістің бірнеше артықшылығы бар.
Мәселен, ота жеңіл жасалынады. Әрі науқас екі аптаның ішінде емін-еркін жүріп тұруға мүмкіндік алады. Айта кетейік, мұндай технология Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде қолданылады.
Аруна Пернебек.