• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Облыс әкімі соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

09.05.2016
0

Жеңіс күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, шаңырағына барды.
Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген облыс әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, кейінгіге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы айрықша зор екенін атап өтті. Өз кезегінде, Шаля Анна сол уақыттағы майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақтан Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар, ардақты ардагер, аймақ басшысымен әңгімелесу барысында, Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.13177069_971075329675473_2075843705840879255_nАйта кетейік, Шаля Анна 1923 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Вревск ауылында туған. 1941 жылы радиотелеграфист курсын бітірген. Воронежде 40 армия штабында әскери қызметін атқарған. 25 дивизия есебінен 63 байланыс радиорота бөлімінде радист болған. Воронеж-Косторск операциясында алғашқы рет соғыс майданына енген. 1944 жылдың басында Румыния, Венгрия, Чехославакия шекарасынан өтіп, Звенигород, Богуслав, Умань қалаларын азат етуге қатысқан.  «Қызыл жұлдыз» орденімен, II-ші дәрежелі «Отечественная война» медалімен және мерейлік медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралған ардагер 1946 жыл мен 1979 жылдар аралығында білім саласында қызмет атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан.  Қазіргі уақытта Анна Федоровнаның жасы 92-ден асып отыр.

Мұнан кейін, өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов облыстағы Ұлы Отан Соғысының мүгедегі Алтыбай Бабаевтың отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі деген облыс әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді. Кездесуде қазыналы қарт ел үшін шайқасқан әрбір ардагерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді. Алтыбай Бабаев 1924 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.
1940-1941 жылдары үлкендермен қосылып колхозшы болып жұмыс істеді. 1942-1947 жылдары майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының 2-ші топтағы мүгедегіне айналған оның әскери шені капитанға дейін өсті.
13178641_971075993008740_717822743210664921_nСоғыстан кейінгі жылдары облыстық партия комитетінде, Шымкенттегі азық-түлік өндіру фабрикасының директоры болып қызмет атқарды. Бірнеше рет Шымкент қалалық, облыстық кеңестердің депутаты болып сайланған. «Қазақстан Республикасының Ерен еңбегі үшін», соғыстағы «Әскери ерлігі үшін» сынды 20 шақты жуық медальмен марапатталған. Сонымен қатар, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Украинаның босатылғанына 60 жыл», 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60-65 жыл» медальдарымен марапатталған. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған майдангер ата 91 жаста.

Previous Post

Ер есімі — ел есінде!

Next Post

Ағабек Қарабекұлының есімі мәрмар тасқа ардақталып жазылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.