• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясаты түсіндірілді

28.07.2018
0

31 шілде күні қылмыстық және қылмыстық процессуалдық ізгілендіруге бағытталған заң күшіне енеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Заңның негізгі ережелері туралы бас прркурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді.

Ол 31 шілдеде заңның күшіне енетінін Мемлекет басшысының тапсырысымен қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын орындау барысында Бас прокуратура әзірлегенін айтып өтті.

«Бұл бөлек заң емес, бұл еліміздегі сот құқық реформасының жалғасы. Осы заңның концепциясына сәйкес, оқшаулау біздің қоғамға, азаматтарға расында қауіп төндіретіндерге жатады. Зорлық жасаған қылмысқа қоғамнан оқшаулауға байланысты жаза қолданылады. Заңда жазаның мерзімін қысқартатын және зорлық көрсетпеген қылмыс бойынша шарттарын жұмсартады, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға қаысты емес жазаны өтеу шарттарын бұзса, жауапкершілікті қатайтатын нормалар бар. Жалпы қылмыстық кодекстегі 262 бап өзгереді, қылмыстық-процессуалдық кодексте 45 бап, қылмыстық-атқару кодексінде 9 бап өзгереді», – деді бас прокурордың орынбасары.

Одан басқа, 247 бап бойынша кіші және орта ауыр қылмыстарға баламалы жаза ретінде бірінші рет қоғамдық жұмысқа жегу енгізілмек.

«Ол қаланы, ауылды абаттандыру және ол барлық бап бойынша енгізілмейді. Бұл жазаны қылмысқа, адамның қайтыс болуына, кез келген ауыр және аса ауыр қылмыстарға, балаларға қарсы жасалған қылмысқа қолданбайды», — деп түсіндірді М. Ахметжанов.

Оның айтуынша, бұрын орта және шағын ауыр қылмыстарға төрт түрлі жаза тағайындалған – айыппұл, бостандығын шектеу, бостандығынан айыру, бостандығын шектеу.

«Сотталушы ауыр емес қылмысы бойынша бостандығынан айыру туралы айыппұлын төлей алмай қалғаны барлық жерде дау дамай тудырып, резонанс болып жататын. Сол себепті біз қоғамдық жұмысқа салуды енгізіп отырмыз. Біз соттардың оны көптеп тағайындайтынына сенімдіміз. Енді сотталғандар да қала мен ауылды жинап, көркейтуге үлес қосатын болады. Тұтас алғанда жыл сайын қоғамдық жұмысқа мыңнан астам адам тартылады деп болжап отырмыз», — деді ол.

Екінші енгізген жаңалық – ол айыппұлдың 500-ден 200 АЕК (1,2 млн 481 мыңға дейін азаюы). Ал оны төлеудің уақыты қысқарды – 6 ай емес 3 айға дейін төлеуі қажет.

«Бұл осы институттың толық жұмыс істемегендігінен жасалып отыр. Айыппұл бүгінде аз қолданылуда. Онымен тек 5-10 % соттталғандар ғана тартылады. Оның себебі айыппұлдың сомасы көп, ал төлеу мерзімі өте қысқа – 6 ай. Біз айыппұл тағайындалған жазадан кейін оны бас бостандығынан айыру шарасына ауыстыруға мәжбүр болып жүрдік. Осы мәселеге қатысты жоба біздің адамға еңбекке орналасып, оған бекітілген шығынды өтеуіне мүмкіндік беру керектігін көрсетті», — деді М. Ахметжанов.

Келесі шара – қылмыстық кодекстің 39 бабы бойынша шығынның көлемін екі есе көбейту, оның 20-сы – экономика саласындағы қылмыс, 11 – жекеменшікке қарсы, 8 – зорлық көрсететін қылмысқа қатысы жоқ басқа да тараулар.

«Бұрын ол салық қылмысына ғана қолданылып, басқа қаулы бойынша шығынның мөлшері 1997 жылдан бері қаралмаған. Шығынның көлемін бұрынғы өлшеммен өлшеу дұрыс емес. Мұнда біз шектен тыс жазалап жатқан жоқпыз ба? Ұлғайтудың тонау, ұрлық, қарақшылыққа қатысы жоқ. Бұл түзету 2,5 мың сотталғанға қатысты түзетілмек. Олар сеніп тапсырған мүлікті шығынға батырып, алаяқтық жасағандар. Олардың жаза мерзімі қысқартылады», – деп хабарлады бас прокурордың орынбасары.

Ауыр қылмыстың 12 құрамы бойынша сот баламалы жаза ретінде бас бостандығын шектей алады.

32 қылмыстың ішінде 13 экономикалық қылмыс бойынша, жазаның ең жоғарғы шегі бас бостандығынан айыру мерзімі 2-3 жылға төмендейді.

Еселі айыппұл қолданудың аясы кеңеюде.

«Енді алаяқтық және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу бойынша айыппұл мөлшері келтірілген шығынның құнын шамамен 10-20 еселеп өтейді.

Алғаш рет сотталып 2 жылға бас бостандығынан айрылған адамдардың жазасын өтеу түрі әлеуметтік қауіпсіз санатта өтеу қарастырылған. Оларды жазасын өтеуге қауіпсіз орындарға жібереді», деді М.Ахметжанов.

Оның сөзінше, барынша қауіпсіз түзету мекемесіне қатаң режимнен 400-ге жуық сотталған ауыстырылады.

Жалпы, болжам бойынша, ізгілендіруге шамамен 5 мың адам қатысады.

Бұл олардың жазадан құтылады деген емес. Бұл жұмыс ақырындап кезең-кезеңімен жүреді. Жазасының басым бөлігін өтеген жазаланушы, келтірілген шығындарды өтеген кезде, оң сипаттама болған жағдайда сот бірден шығарады. Басқа жазасын өтеушілерге кесілген жаза мерзімі қысқартылады», — деді спикер.

Атап өтілгендей ізгілендіру барысы ауыр қылмыс жасағандарға жүрмейді. Олар — кісі өлтіру, адам зорлау, қинау, экстремизм және терроризм, ұйымдасқан қылмыс.

Сонымен қатар, заң мерзімінен бұрын босатылған адамдарға жауапкершілікті күшейтеді, олардың құқық бұзушылық жасамауы үшін қосымша тексеру, қадағалау тәсілдері қолданылады.

Тұтастай алғанда, реформа жүргелі елімізде жыл сайын қылмыс деңгейі 7-10 % азаюда.

2012 жылдан бері түрмеде отырғандардың саны 19 мыңға қысқартылды, бірақ бұл криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ.

Сөз соңында атап өткендей, бұл Заңды ізгілендіру арқылы құқық қорғау қызметін нығайтуға, құқық үстемдігін күшейтуге басымдық береді. Осыған байланысты Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров барлық құқық қорғау органдарына Заңның ережелерін мүлтіксіз және дәлме-дәл қолдануды тапсырды. Дереккөз: ҚазТАГ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.