Қазіргі заманда әр мемлекеттердің өздерінің құндылықтары бар. Егер екі мемлекеттің құндылықтары бір-біріне қарама қайшы келсе, екеуінің арасында шиеленіс пайда болады. Бір-біріне санкциялар қолданады. Мысал келтірсек, Ресей-АҚШ, Ресей-Еуропа одағы арасындағы қазіргі таңдағы қарым-қатынастары. Бұл мысал құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
Сондықтанда Елбасы мемлекеттің құндылықтарына аса назар аударып, өзінің мақалаларымен кітаптарында Қазақстанның басты құндылықтарын анықтап, әрқайсысына түсіндірме берген. Біздің құндылықтарымыз: Адам; Бостандық; Ынтымақшылдық; Әділеттілік; Заңның үстемдігі; Отбасы және дәстүр және Болашаққа ұмтылыс.
Осы аталған құндылықтарға қатысты Елбасы өзінің мақалаларымен кітаптарында берген түсіндірмелерін, айтқан ойларын және пікірлерін оқырмандардың назарларына ұсынамын.
Елбасының айтуынша біздің басты құндылығымыз –Адам, оның қадір-қасиеті мен құқы, амандық-саулығы мен мүдделері. Әр азамат туғаннан дені сау,білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы табуға,отбасын құруға, жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын қамдауға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қолжеткізе алуға тиіс.
Екінші құндылық — Бостандық. Адам бостандығы дегеніміз – әркімнің өз болашағын өзі таңдау еркі. Адамның Конституция кепілдік ететін құқы мен бостандығын жүзеге асыру біздің басты міндетіміз болып табылады дейді Елбасы. Бір адамның бостандығы басқа адамның бостандығына нұқсан келтірмеуге тиіс.Бостандық жауапкершілікпен баянды етілмек.
Келесі құндылық-Ынтымақшылдық. Президент айтқандай халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім. Қазақстанның өркендеуінің шешуші шарты болып табылады. Бірлік пен келісімнің негізі – ынтымақшылдық. Бұл өзара сенім мен өзара жауапкершілік. Ынтымақ отбасынан басталады. Ол отбасы мүшелерінің, достардың,айналадағы адамдардың бір-біріне көмектесуінен, рухы күштердің әлсіз жандарға,бақуаты кісілердің тұрмысы төмендерге, денсаулығы жақсы адамдардың науқастарға, жасы үлкендердің өзінен кішілерге жанашыр болуынан танылады.
Құндылықтардың енді бірі Әділеттілік. Әділеттілік дегеніміз – баршаның мүмкіндіктерінің тендігі.Мелекет азаматтардың көздеген ойын жүзеге асыруға таңдей жағдай жасауға тиіс. Алайда, мемлекет берген сол мүмкіндікті қалай пайдаланатыны азаматтардың өздерінің таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты.
Елбасы Заңның үстемдігін құндылықтардың қатарына енгізген.Заң адам және азаматтың құқы мен бостандығын, адамның қадір-қасиетін, жеке меншікті қорғайды. Мәртебесіне және шыққан тегіне қарамастан Заң алдында жұрттың бәрі тең.Конституция мен заңнаманы бұлжытпай сақтау – әділетті қоғамның, баршаға тең мүмкіндік жасаудың негізі.
Сонымен қатар Отбасы және дәстүрде құндылықтардың бірі болып саналады. Жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады. Барлық ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылады. Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты. Ұрпақтар сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық дәл отбасында қалыптасады. Отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау – мемлекеттілігімізді дамытудың кепілі. Сондықтан да біз отбасының мерейін барынша үстем ете беруіміз керек.
Біздің құндылықтарымыздың тағы бірі болашаққа ұмтылыс. Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсатымызға қол жеткізіп келдік дейді Елбасымыз. Біздің болашаққа ұмтылысымыз және жетіле түсуге ұдайы талпынысымыз – Қазақстанның одан әрі өркендеуінің аса маңызды шарты. Сондықтан да жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін өзі ұштап отыру әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты қағидасына айналуы керек.
Дайындаған: Айдар Дидар