• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО мәслихатының жаңа құрамы алғашқы сессияда бас қосты

24.03.2016
0

20 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихаттарының сайлауы – шын  жүйріктерді анықтап берді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша дауыс беру құқығына ие 1 317 225 адам болса, оларға 1074 сайлау учаскесі қызмет көрсеткен. 315 сайлау округінен 815 үміткер өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қатыса алды.  Осылайша, Оңтүстік халқы береке бірлігі мен ынтымағы жарасып, ұлық мереке қарсаңындағы саяси науқанға бір кісідей атсалысты. Өз таңдауын жасап, ел азаматына сенім білдірді. Жаңа құрамның сайлануы – ел халқының экономикалық және азаматтық белсенділігін арттыруға қуатты серпін беріп  қана қоймай, болашаққа нық қадам басады.  Облыс мәслихатының алтыншы шақырылымының алғашқы отырысы да дәл бүгінге белгіленген еді. Мәслихат хатшысын сайлап, халық қалаулыларын таныстырған сессия отырысы, тұрақты комиссия мүшеелерін де бекітіп берді.

Таңертеңнен облыс әкімдігінің ғимаратына жиналған мәслихат депутаттарының жаңа құрамы алдымен партияның фракция отырысын өткізіп алды. Облыстағы сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев саяси науқанның пайыздық көрсеткіштерімен қатар, депутат мырзалардың есімдерін атап шықты. Депутат – халық пен билік арасындағы  мәселелердің шешім табуында ықпал ететін өкіл десек, бұл міндетті арқалаған азаматтардың биылғы легі көптеген жаңа толқынмен толыққан.  Сонымен, №1 сайлау округі бойынша дауыс беруге қатысқан 22680 сайлаушының 20269 дауысын жинаған «Айғақ» Телерадиокомпаниясының басшысы, ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Абіш Дулат Назарбекұлы, №2 сайлау округінен «ТурАхметИК» ЖШС-нің директоры Дәурен Ахметов, №3 сайлау округінен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының  төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, №4 сайлау округінен «Жанұя» ЖШС-нің директоры Жұмағали Білісбековтер басым дауыспен облыстық мәслихат депутаттығына сайланды. «Отау Строй» компаниясының президенті, бұған дейін мемлекеттік қызметте, яғни А корпусында өзінің білімі мен біліктілігін танытқан, Түркістан, Шымкент қалаларын басқарған Қайрат Құсейінұлы Молдасейітов халқының қолдауына ие болып №5 сайлау округінен депутаттық корпусқа өтіп отыр. Шымкент қаласындағы №6 сайлау округі бойынша «Құрылыс» ЖШС-нің директоры Қилыбек Тұрлыбек депутаттық мандатты әрі қарай жалғастыратын болды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың алтыншы шақырылымына алғаш тақымын қысып, өз кандидатурасын ұсынған 33 жастағы «Еврофарма» дәріханалар жүйесінің президенті Арман Арысбекұлы Берденов өзі түскен №7 сайлау округінің 18216 дауысын иемденген. №8 сайлау округі сайлау округінен «Алтын Дән» ЖШС-нің директоры Бахарам Абдукаримов, №9 сайлау округі бойынша «Береке А-Шымкент» компаниясы директорының кеңесшісі Рәшкүл Оспанәлиева, №10 сайлау округі бойынша «СМУ Шымкент Газ Монтаж» АҚ президенті Абай Көмекбаев, №11 сайлау округінен облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұхан Егізбаевтар кезекті рет тұрғындардың үдесінен шықты. «Шымкент-ет» ЖШС-ның директоры Қасымбай Әбдіхалық болса Арыс қаласының №12 сайлау округінен саяси науқанға алғаш рет кандидатурасын ұсынып, халқының қолдауына ие болды. №13 сайлау округі бойынша Кентау трансформатор зауыты АҚ техникалық дамыту директоры Серғазы Күнтуаров, №14 сайлау округі бойынша «КазТрансОйл» АҚ шығыс филиалы Шымкент мұнай құбырлары басқармасының басшысы Талғат Баймаханов, №15 сайлау округінен «Иассы» консорциумының президенті Үмбет Жүсіпбаев, №16 сайлау округінен «Жолаушы» компаниясының бас директоры Рахым Тәңірбергенов, №17 сайлау округінен Иқан атындағы мектептің директоры Зүппархан Чалданов, №18 сайлау округі бойынша «Тұрмыстық қызмет» ЖШС-нің директоры Баймахан Сүлейменов, №19 сайлау округінен «Баянды-құрылыс» компаниясының директоры Базарбай Мұсабеков, №20 сайлау округінен «Сымбат» ЖШС-нің директоры Шәріпбек Жамалбектер депутат болып сайланды. Ал, Қазығұрт ауданындағы №21 сайлау округінен Іскерлігімен көптің көзіне көріне білген Мұрат Мейірмановқа бұл жолы да халқы сенім білдіріпті. «Сапа-2002» ЖШС-нің директоры Аширов Нұрлан, №22 сайлау округінен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық  институтының ректоры Оңалбай Аяшев, № 23 сайлау округінен «Кетебай» ӨК төрағасы Сәду Бекенов, №24 сайлау округінен  «Алтын Орда» ЖШС-нің директоры Айдархан Орынбасаров, №25 сайлау округінен «Агро-5» ЖШС-нің директоры Нұралы Әбішев, №26 сайлау округінен «Мақтарал сервис» кәсіпорнының директоры Шералы Қаныбеков №27 сайлау округінен депутат болып сайланды. Сондай-ақ, Ордабасылықтар қолдап №28 сайлау округінен облыстық мәслихатқа сайлаған «Арнес Центр» ЖШС-нің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Әділхан Исабаев  екінші рет халық қалаулысы атанып отыр. Осы ауданның №29 сайлау округінен «Хлопкорпромцеллюлоза» ЖШС-ның директоры Қайнар Аббасов та депутаттыққа сайланды. Ал, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан жеке кәсіпкер Серікбай Ибадуллаев Отырар ауданының №30 сайлау округінен жеңімпаз болды. №31 сайлау округінен кандидатурасын ұсынған Мадияр Оразалиевке 20 мыңнан астам дауыс жинап, мәслихат депутаттығына өтті. №32 сайлау округінен «НИК» корпорациясының президенті Бахриддин Нишанкулов, №33 сайлау округінен «Нұр АмирИНвест» ЖШС-нің директоры Нұрмахан Жолдасов, №34 сайлау округінен «Сапар» компаниялар тобының президенті Қайрат Сапарбаев, №35 сайлау округінен «Феррум Групп» ЖШС-ның директоры Руслан Омаров, №36 сайлау округінен «Саутс-ойл» мұнай компаниясының президенті Серікжан Сейтжанов, №37 сайлау округінен «Алжа Құрылыс» ЖШС-нің директоры Алмас Салимов, №38 сайлау округінен «Шымкентқұс»ЖШС-нің директоры Әбілқасым Досболов, №39 сайлау округінен «Арман» шипажайының вице-президенті Уәлихан Рахиев, №40 сайлау округінен «Евроремонтсервис» ЖШС-нің директоры Жаңабай Ағабеков, №41 сайлау округінен «Санжар Индастриз» ЖШС-нің үйлестірушісі Тасқынбай Бүрлібаев, №42 сайлау округінен «КазахТекстильИнтернешнл» ЖШС-нің төрағасы Қайрат Балабиевтер облыстық мәслихат депутаттығына сайланды. «Жаңа арна Құрылысты» басқаратын Мағауия Тұрысбеков №43 сайлау округінен халықтың басым дауысына  ие болған. Түлкібас ауданының №48 сайлау округінен үміткер «ЕССЕЙ ГРУП» компаниясының құрылтайшысы Есей Өркен де  облыс мәслихат депутаттатығына сайланып отыр. Төлеби ауданының №44 сайлау округінен халықтың 12350 басым дауысымен Мұрат Төлтебаев жеңсе, №45 сайлау округінен Шымкент университеті Экономика институтының директоры Қуашбай Саттар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. №46 сайлау  округінен «Сити строй7″ корпорациясының директоры Әсет Қайыпбеков, №47 сайлау округінен ҚҰҒА ОҚО өкілі Лесбек Тәшімов, №49 сайлау округінен Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтөреев, №50 сайлау округінен Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінің директоры Амангелді Сопбековтер халық қалаулысы атанып, депутаттық мандатты иеленеді.

Осылайша, депутаттық корпустың құрамын бекітіп алған сессия отырысы барысында, 6 шақырылымның мәслихат хатшысын сайлап алды. Ол, мемлекеттік қызметтің А корпусында беделді қызмет атқарып жүрген, халық таңдап, депутат болған Қамытбек Айтөреев әріптестерінің қолдауымен бірауыздан мәслихат хатшысы болды. Жаңа хатшыны орынтағына отырғызған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Қамытбек Айтөреевтың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

12512246_942612682521738_2577041950243608685_nҚамытбек Айтөреев 1962 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном. Еңбек жолын 1978 жылы Киров ауданы ХХ Партсъезд совхозында агроном болып бастаған. 1986-1992 жылдары Киров ауданының ХХ Партсъезд совхозында мақта бригадирі жұмысын атқарса, 1992-1994 жж. сол аудандағы «Нұр» шағын кәсіпорны директорының орынбасары, «Бекболат» шаруа қожалығының төрағасы, «Асық ата-газ» ЖШС атқарушы директоры және сол серіктестіктің директоры қызметін атқарған. Ал, 2003-2006 жж. Шардара ауданында «Оңтүстіксушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шардара филиалының бастығы, Шардара ауданының әкімі, ОҚО Шардара ауданы бойынша №49 сайлау округінен депутат.

Ал, саяси додада топ жарған депутаттар, өз сайлаушыларына алғысын білдіріп жатты. Ендігі міндет – еліне еңбек етіп, еселі жемісін көрсету!  Күн тәртібінде қаралған кезекті мәселеде тұрақты комиссиялардың төрағаларын да таныстыра кетті. Бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Әбілқасым Досболов тағайындалса, кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту тұрақты комиссияның төрағалығына Дәурен Ахметов, әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалығына Саттар Қуашбай, ауыл аймақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Серікжан Сейітжанов сайланып отыр.  Ал, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комиссияға Өмірзақ Мелдеханов жетекшілік жасайды.

Салтанат Тойболова

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.