Алдыңғы жылдардағы тәжірибе мен облыстың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі су тасқынына қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары күзден бастап жүргізілуде. 2015 жылы облыстық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының өкіміне және Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының бұйрығына сәйкес облыс аумағындағы су қоймалардың жағдайы тексерілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі жөнінде облыс басшыларына, прокуратура және су қоймалардың меншік иелеріне тиісті шаралар қабылдау үшін хабардар етілді. Ағымдағы жылдың басынан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2 отырысы өткізілді. Сондай-ақ, облыстың халқы мен аумағын су тасқынынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы мазмұндағы іс-шаралар жоспарлары облыстың аудандарында да дайындалған және барлық ауданда төтенше жағдайлар комиссиясының отырыстары өткізілді. Қазіргі таңда барлық аудандарда су тасқынына қарсы штабтар құрылды, кезекшіліктер ұйымдастырылған. Сонымен қатар облыс көлемінде Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби және Бәйдібек аудандарында Арыс, Құлан, Келес, Бөген өзендерінде 2850 м арна түзеу, 1825 м жаға бекіту, 381 м бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілді. Күнделікті «Қазгидромет», «Қазсушар» РМК, «Қазселденқорғау» ММ ОҚФ гидробекеттерінен су қоймалар мен өзендердің деңгейі, толуы және ағындары бойынша шұғыл ақпараттар түсуде. Бүгінгі күні облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы бір қалыпты, өзендердегі судың деңгейі аумалы күйдегі деңгейден төмен, су қоймалардағы су деңгейі орта есеппен жобалық мөлшерінің 50% құрайды, 85% толған су қоймалар транзиттік толтыру тәртібіне көшірілген. Алдағы су тасқыны жағдайының болжамына келсек, «Казгидромет» РМК ОҚФ мәліметі бойынша қардың биіктігі 2015 жылмен салыстырғанда 45-50 % төмен, ал көпжылдық деректермен салыстырғанда 65-75 % аз, өзендердегі көктемгі тасқындар нормадан төмен деп күтілуде. Барлық жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенінің орындалуы облыс аумағы мен халқының қорғалуының деңгейін артады.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...