• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Халықаралық білім көрмесі басталды

18.04.2018
0

Шымкент қаласының «Көрме» орталығында  «Білім әлемі – 2018» атты   Халықарлық  көрме өз жұмысын бастады. ҚР Білім және ғылым министрлігімен ОҚО әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған шараның мақсаты, талапкерлерге жергілікті және шет елдік оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіруге бағытталған. Сондай-ақ, мектептер мен колледждердің және  жоғары оқу орындарының түлектері көрме арқылы  оқу орындарын таңдауға және Халықаралық оқу орындарында білім алу үшін қойылатын талаптармен танысуға мүмкіндік алды.

00663-mts-still001

«Білім Әлемі  – 2018» халықаралық көрмесі осы салада жұмыс жасайтын жергілікті  және шет елдік оқу орындары арасындағы арасындағы әріптестікті нығайту және талапкерлерге оқу орнын таңдаумен қатар екінші білім алу мүмкіндіктерін және кәсіби денгейді көтеру мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, еліміз бен Шет елдік оқу орындарының жетекші оқытушылары мен мамандарынан «тікелей» ақпараттар алып, жаңаша білім беру қызметтерімен және  ақпараттық технологияларды ұсынуға бағытталған.  Осы ретте,  Шымкент қаласында ұйымдастырылған көрмеге еліміздегі бірқатар жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен қатар  Америка, Канада, Ресей, Қытай, Франция және  Чехияның оқу орындары мен халықаралық тіл үйрету ұйымдары да қатысты. Олар көрме барысында өз  мүмкіндіктері мен оқытылатын мамандықтар бойынша ақпарат беріп, талапкерлерді қабылдау кезеңдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы орайда, білім саласына арналған Халықаралық көрмені   облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып берді.

korme-18-04-2018-mpeg-still001

Ал, мұнан соң облыс әкімі білім саласындағы  жергілікті және шет елдік  оқу орындарының Халықаралық көрмесін  аралады. Айта кету керек,  мұнда әрбір білім беру ұйымдары өздеріндегі гранттар саны мен  оқытылатын мамандықтар және өздерінде білім алудың артықшылықтары оқуға түсу талаптары бойынша ақпараттар ұсынып келген талапкерлерге жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі талай жылдық тарихы бар Алматы университеті жанындағы «Сымбат» дизаин және технология колледжі болатын. Негізінен орта арнаулы, тігінші, дизайнер және шаштараз мамандарын даярлаумен айналысатын оқу орнына талапкерлер грант негізінде де түсе  алады.

00661-mts-still001

Бұл күнгі көрмеде өз мүмкіндіктері мен оқыту бағдарламаларын ұсынған ұйымның бірі «Студи Инновацион» Халықаралық білім орталығы болатын. Бүгінгі таңда Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Чехия, Турция, Испания сынды мемлекеттермен байланыста жұмыс жасайтын орталықтың еліміздің бірнеше облыстарында арнайы бөлімшеллері жұмыс жасайды. Негізінен шет тілдерін қысқа және ұзақ мерзімді оқыту курстары арқылы, оқытатын орталық шет елде білім алғысы келетін талапкерлерге де қызмет көрсете алады.

korme-18-04-2018-mpeg-still002

00672-mts-still001

00671-mts-still001

Осылайша, жоғары денгейде ұйымдастырылған көрме барысында Облыстық білім басқармасының басшысы шараға белсенді ат-салысқан оқу орындарының өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетейік, «Білім әлемі – 2018»  Халықарлық  көрмесі  үш күнге жалғасып, шет елдік білім беру ұйымдары мен  мен жергілікті оқу орындары келген талапкерлерге өз мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыратын болады.

Абай Омар.

Previous Post

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті

Next Post

Орбұлақ шайқасына – 375 жыл

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.