• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

12.04.2018
0

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті.
Өнер додасының мақсаты — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан композиторлардың патриоттық әндерін, оның ішінде патриоттық тақырыптағы туындыларын халық арасында кеңінен дәріптеп, композитор мен орындаушы арасындағы шығармашылық байланысты дамыту болып табылады.
Байқауға өңірімізден 72 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен іріктеп алынған 28 композитордың Астана туралы және патриоттық әндері екі кезеңде орындалды.
Байқауға ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, композиторлар одағы Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы Әбдінұров Серікжан Құттымбетұлы, Оңтүстік Қазақстан композиторлар одағының төрайымы, композитор Сәтмұханбетова Құралай Шайзадақызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші
Шойынбаев Құрманбай Алтайұлы, ҚР Жазушылар Одағы ОҚО филиалының төрағасы, ақын Алдияр Бақытжан, халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты, Сайрам ауданының Құрметті азаматы, әнші, композитор Бағдат Алтаев қазылық етті.
Үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартының сәйкестігіне, музыкалық өңдеуі мен ән мәтінінің мазмұндылығына,  орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне, композитор шығармасындағы гармониялық үйлесімділік пен композициялық шешімдерге, мүмкіндігінше бұрын орындалмаған жаңа әнге назар аударған қазылар алқасы композиторлар арасынан бас жүлдеге Шымкент қаласынан Кеңесов Ізбасарды, ал әншілер арасынан «Сарын» тобын лайық деп тапты. Жүлделі бірінші орынмен Түлкібас ауданының композиторы Шымырбаева Рысты және шымкенттік «Фараб» дуэті марапатталса, екінші орын композиторлар үшін Ордабасы ауданынан Байбосынов Мұхан және Сайрам ауданынан Дәрібаев Белгібайға, әншілер үшін Шымкент қаласынан Қанатбек Айбек және түлкібастық Әлімбек Бексұлтанға берілді.
Үшінші орынға композиторлар үшін Шымкент қаласынан Тұрлыбеков Мұхтар және шымкенттік Қасымбеков Алжан,  әншілер үшін шымкенттік Ақылбек Бахтияр және Қабай Мақсат ие болды. Сондай-ақ, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесімен Шымкент қаласының композиторы Фархат Ескенеев, «Ең үздік музыкалық өңдеу» номинациясымен Мақтарал ауданының композиторы Қасқырбаев Мұхит марапатталса, «Ең жас әнші» номинациясы Отырар ауданынан Мырзахметова Майраға, «Көрермен көзайымы» номинациясы Шардара қаласынан «Шардара» дуэтіне,  «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинациясымен шымкенттік әнші Бахтов Фарходқа, «Мәңгілік ел» номинациясымен Кентау қаласынан Исаев Сержанға, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі Қазығұрт ауданынан Қожатаев Нұрбекке, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесі  Бәйдібек ауданынан Әшірбек Жандосқа табысталды.
Барша жеңімпаздар мен номинация иегерлері арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Previous Post

«ЖЫРЛАЙМЫН СЕНІ, АСТАНА» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

БАБАЛАР ЖОЛЫ — БАҚЫТТЫҢ ЖОЛЫ!

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.