Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Аман Төлеев Кемерово облысының депутаты болды
    Жаңалықтар

    Аман Төлеев Кемерово облысының депутаты болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кемерово облысының бұрынғы губернаторы, 73 жастағы Аман Төлеев Кемерово облысының халық депутаттары кеңесінің мандатын алды, деп хабарлайды  Тoday.kz.

    «Бүгін Кемерово облысының сайлау комиссиясының отырысы өтті. Халық депутаттары кеңесінің бос мандатына бірыңғай тізімнен кандидатура беру туралы мәселе болды. «Единая Россия» партиясының Кемерово аймақтық филиалы Төлеев Амангелді Молдағазыұлына бос депутаттық мандатты беру туралы шешім қабылдады», — деді сайлау комиссиясының өкілі.

    Комиссия өкілі, Төлеев 2013 жылы облыстық кеңес депутаттарын сайлау үшін «Единая Россия» партиясы ұсынған бірыңғай кандидаттар тізімін басқарғанын атап өтті.

    Оның айтуынша, Төлеевке 2016 жылы отставкаға кеткен депутат Ван Вай-Ченнің бос мандаты берілді. Енді облыстық кеңес Төлеевке депутат куәлігін беріп, комитеттердің біріне кіруге тиіс.

    1997 жылдан бері Кемерово облысының басшысы болған Аман Төлеев 2018 жылдың 1 сәуірінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Кемероводағы «Қысқы шие» сауда орталығындағы ірі өрттен кейін отставкаға кету туралы өтініш білдірді.

    Естеріңізге сала кетсек қайғылы жағдайдан 64 адам қаза болып, 79 адам жарақат алды.

    Путин Төлеевтің отставкаға кетуін қабылдап, облыс басшысының міндетін атқарушы 57 жастағы Сергей Цивилевті қызметке тағайындайды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.