Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»СЕНАТОР Ә.ҚҰРТАЕВ ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АҚЖАРМА ТІЛЕГІН АРНАДЫ
    Жаңалықтар

    СЕНАТОР Ә.ҚҰРТАЕВ ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АҚЖАРМА ТІЛЕГІН АРНАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қадірлі халайық!

    Күллі Шығыс халқына етене жақын һәм ортақ, тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы-Ұлыстың ұлы күнінің еліміз үшін жолы да жөні де бөлек.

    Иә, «Туған ай тураған етпен тең» демекші әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз мейрамы да жетті.

    Күн мен түн теңелген, Жер шуаққа кенелген,-дейтініміз де содан.

    Ал, сондай, баға жетпес Әз — Наурызымыздың: «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол, әулие болмаса неге қалған?» деп ежелгі жырда айтылатынындай киелі де қасиетті Қазығұрт жерінде тойбасы болып басталып жатқаны тегін емес…

    Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар,- дегендей ақпейіл халқымыз өзінің ең сүйікті де көне, байырғы мейрамынан әрқашан тек жақсылық күткен. Ол сенімі осы жолы да алдамады…

    Елі сенген әрі сүйген-Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың біртұтас халқының әл-ауқатын бұрын-соңды болмаған дәрежеде көтеруге сеп болатын, еңсесін тіктейтін, «басқалармен қатар тұрғызатын» «Президенттің бес бастамасының» да 5-ші Наурызда жолдануы осы қасиетті мерекенің заманауи түрленген жоралғысы деп білеміз. Қуаныш қуанышқа ұласты деген осы болса керек.

    Қадірлі жерлестер!

    Баршаңызды халқымыздың ең ұлы да береке басы мейрамы, ақ ниет пен қуаныштың ақ қанат қарлығашы – Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.