Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АСҚАР ЕСІМІ АСҚАҚТАЛҒАН КҮН
    Жаңалықтар

    АСҚАР ЕСІМІ АСҚАҚТАЛҒАН КҮН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі  ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді, мәдинетімізді, жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,- деп атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта төл өнерімізді төрге шығарып, әдебиетім ұлықталып, Асқар Сүлейменов атындағы «Сөз зергері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлады Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    dsc00981

    dsc01017

    Байқаудың шымылдығын аудандық халық театырының өнерпаздары қойған «Асқар бейнесі» сахыналық көрінісімен ашылды. Созақ ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері» облыстық байқауына Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларынан іріктеуден өткен 14 үміткер қатысып А.Сүлейменовтің көркемдігі жоғары прозалық шығармасынан үзінді оқып, түрлі авторлардың немесе өз шығармашылығынан «Аңыз — ғұмыр, Асқар – жыр» арнау өлеңдерін оқыды.

    Талай талантты дүниеге әкелген қасиетті теріскей өңірінде-Асқар Сүлеймеовтің есім шойы қадірлі, құрметті. Биыл әдебиет сыншысы, жазушы, драматургтің 80 жылдық мерей тойы. Бітім-болмысы бөлек жазушы қазақ әдебиетінде шоқтығы биік туындыларды дүниеге әкелді. «Адасқақ», «Бесін», «Бесатар» прозалық шығармаларын жазды. Сөз өнерін қадірлеген жазушы, әдебиет сынында көп еңбек етті. Сыни- эстетикалық кітаптар жазып, драматургия саласында қалам тербеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығын алды. Туған елі,  арда ұлын ардақтап, аудан орталығы Шолаққорғандағы жалпы орта мектебіне Асқар Сүлейменов атын берді, еңселі ескерткішін орнатты.

    Байқау қорытындысымен, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Созақ ауданының үміткері Айдүйсенов Асхат лайық деп танылып, 150 мың теңге ақшалай жүлде табысталса, бірінші орын мақтаралдық Әбди Айдаға бұйырып 120 мың теңге тапсырылды. 100 мың теңгелік жүлделі екінші орын Бәйдібек ауданынан Сәулебек Мәдидің еншісіне берілсе, үшінші орын және 50 мың теңге жүлде қорын Арыс қаласынан Тәукебаева Ақшолпан мен созақтық Нысанбек Күләш иемденді. Ал, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесімен Отырар ауданының қатысушысы Асан Өркен марапатталды.
    Өзге де үміткерлерге арнайы дипломдар мен 30 мың теңге ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

    dsc00991

    img-20180316-wa0016

    img-20180316-wa0017
    Міне, осылай  арда ұл-қыздарының есімін асқақтатқан созақтықтар, ауданының құрылғанына 90 жылдық торқалы тойының аясында ауқымды іс шараларды бастап та кетті. Биыл Тәкен Әлімқұлов пен Төлеген Момбековтің 100 жылдығы, Бәтима Батырбекованың 90 жылдығы, Асқар Сүлейменовтің 80  жылдығы кең көлемде аталып өтеді.

    dsc01008

    Аталған мерейлі мерекелерді атап өту үшін, арнайы іс шара кестесі бекетіліп, аудан көлемінде түрлі шаралар, мектептерде танымдық сабақтар оқытылып, талантты ұл- қыздарының есімдерін ел жадында қалдыру үшін түрлі жұмыстар жасалынып жатыр. Алдағы уақытта қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тұлғаларды шығармашылығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.