«Бірлік. Тұрақтылық, Жасампаздық. Қазақстан 2021». «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алдағы атқарылар жұмыстар мен бағыт бағдарын айқындаған алқалы жиын саяси кеңес мүшелері мен партия белсенділерінің және де аудан-қаладан сайланған делегаттардың басын қосты. Кезектен тыс өткізілген 26-шы конференция нақты басымдықтарды анықтап берді. Көшбасшы партияның Оңтүстік Қазақстан облысында 110 мыңнан астам мүшесі бар. Бүгінгі конференцияға шақыртылған 336 делегат жиын жүктеген міндеттердің барысымен танысты. Инвестициялық ахуалды жақсарту, қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Өйткені, ел экономикасы мен әлеуетін жақсартуда, өңірімізге тартылатын инвестициялық ахуал бірден бір мүмкіндігімізді айқындамақ. Сондықтан да бәсекеге қабілеттілікті арттыру – алдымен халық тұрмысының түзелуімен өлшенбек.Ауызбіршілік пен ынтымақ жұрт арасындағы татулықты нықтайды. Осы арқылы қабылданған шешім болашақ ұрпағымыздың келешегінің кемелдігін көрсетпек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Бірлік пен тұрақтылық жасампаздық – экономикалық прогрес пен халық бақуаттылығына жетелейді.
Ішкі партиялық праймеризден халық таңдап дауыс берген депутаттыққа үміткерлер тізім бойынша бектіліп қойғаны белгілі. Ал, делегаттар алдында облыстың 50 сайлау округінен түсетін кандидаттардың тізімі белгілі болды. Ғылым кандидаты мен докторлары, шағын және орта кәсіпкерліктің білікті басшылары да бар. Мақсат пен міндет біреу. Партия жүктеген басымдықтарды негізге ала отырып, қызметтерді жүзеге асыру. Осылайша өңірдегі партия активіне атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берген облыс басшысы жүктелген міндеттердің сапалы орындалатындығына сенім білдірді.
Салтанат Тойболова