Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ташқараев сайлаушыларының алдында кезекті есебін берді
    Жаңалықтар

    Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ташқараев сайлаушыларының алдында кезекті есебін берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.02.2018Updated:17.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Абай ауданы әкімдігіне қарасты  №10 окруктің халық қалаулысы бұл басқосуда  2017 жылы атқарған жұмыстарын айтып, тұрғындардың  талап тілегін тыңдады. Жиында жалпы 2 мәселе қаралды. Соның бірі Елбасы Жолдауы  кеңінен насихат алса, екіншісі Ғани Абдіғаниұлының депутат ретінде атқарған жұмыстары мәлім болды.

    Халық қалаулысы болу үлкен жауапкершілік. Сайлауда басым дауыс алып, депутат болып сайлану бір бөлек те, депутаттық жауапкершілікті өз биігінде көтеріп жүру екінші мәселе. Себебі халықтың алдында айтылған уәдені орындауға адалдық таныту, әрдайым көп ортасынан табылу, сайлаушыларының  көкейіндегі мәселенің шешілуіне атсалысу, ол  депутаттың білімі мен біліктілігін, сондай-ақ белсенділігін қажет етеді. Осы орайда Ғани Ташқараев ұдайы сайлаушыларымен бірге. Өйткені, олардың алдында атқарған жұмысын мәлімдеп, олардың талап тілегін басты назарда ұстайтын халық қалаулыларының бірі. Жиынның әлқисасын Елбасы Жолдауынан бастады.

     Жалпы, Ғани Ташқараевқа өз сайлаушыларынан 62 өтініш келіп түскен. Оның, 21-і жазбаша түрде болса, 41 –і қабылдауына кірген тұрғындар.  Сондағы айтылған мәселенің бірі, Шымкент қаласындағы №78 мектептің тозығы жетуіне байланысты,  күрделі жөндеуді талап етеді делінген екен.  Ол, мәселе былтырғы жылы депутаттың қолдауымен жүзеге асыпты.

    dsc_0184

    dsc_0188

    Ұдайы сайлаушыларының үдесінен шығып өзекті мәселелерінің шешілуіне ұйытқы болып жүрген Ғани Ташқараев, Шымкент қалалық мәслихатта  тұрақты комиссия төрағасы болыпта жұмыс жасайды. Сондықтанда, ол жалпы қала бойынша жұмыс жасауда белсенді азамат.

    Депутаттың есепті кездесуі, «Ұлықбек» атындағы  №3 жалпы орта мектебінің ғимаратында өтті.  100-ге  тарта тұрғындар қатысты. Басым көпшілігінің айтар алғысы бар. Тұрғындардың  келіп көтерген мәселесі бір –біріне  ұқсас. Яғни, қоғамдық көлік, жарықтандыру, сондай-ақ жол. Айта кетейік, биылғы жылы Шымкент қаласындағы,  барлық топырақ көшелерге тас төселіп, басым көпшілігі күрделі жөндеуден өтіп, 93 бірдей жаңа  аялдама қойылып, 17 бағдаршам жаңартылмақ.

    Ұлдархан Уәлиханқызы

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.