• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бесінші есептік кездесуін өткізді

15.02.2018
0

2018 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Облыстың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс жұртшылығымен есеп беру кездесуінде  сөйлеген сөзінде 2017 жылы нақты атқарылған іс-шаралар туралы айтты.

06

Атап айтқанда:

-соңғы 2 жылда республика бойынша қысқарған мұнай өндірісінің 70 пайызы Қызылорда облысының үлесінде. Яғни, елімізде кем өндірілген 3 млн тонна мұнайдың  2,2 млн тоннасы  облысқа тиесілі;

— өткен жылы өңдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады. Егер, ұзақ мерзімді динамикаға көз жүгіртсек, мәселен, 2012 жылмен салыстырғанда облыстың шикізаттық емес өндіріс секторындағы өнім көлемі   52 пайызға өсті, осы кезеңде республика бойынша ол бар болғаны 4-ақ пайыз болды;

-өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 6 есеге дейін өсті  (ҚР бойынша — 2,4 ғана), ал, өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнімі (ВРП) құрылымындағы үлесі осы жылдары 3,5 есеге өсті (2012 жылы 2,2 пайыздан 2016 жылғы 7,8 пайызға дейін);

-индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 27 жобаның бүгінде 21-і өнім өндіруде.  Жаңа кәсіпорындарда бүгінгі күні мыңнан аса адам еңбек етуде;

— салынып жатқан шыны зауытына қазірдің өзінде қондырғылардың 90 пайыздан астамы жеткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында оны іске қосуды жоспарлап отырмыз;

-«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік  зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге экспорттай бастады. Метаванадат аммонийдің сынама топтамасы АҚШ-қа да жіберілді. Енді басқа да елдер нарығына шығару жолдары қарастырылуда;

-2016 жылы екі бірдей цемент зауыттарының құрылысын бастадық: Жаңақорған ауданында құрылыс цементі өндірісі және Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі бойынша. Бұл екі жоба бойынша инвестицияның  көлемі 74 млрд теңгені құрайды.Зауыттарды 2018 жылдың басында іске қосу жоспарланған;

— индустрияландыру Картасы аясында өндіріске испан цехының іске қосылуы нәтижесінде «Аралтұз» бүгінгі таңда өз өнімінің 60 пайызын шет елге экспорттуда. Соңғы екі жылдың өзінде зауыт Ресейдің ас тұзы нарығының 12 пайызын иеленді;

— Қызылорда қаласының индустрияландыру аймағында үш оксидтік молибден өндірісі бойынша («Тримо» ЖШС) кәсіпорын жұмысын бастайды. Кәсіпорынның өнімдері атом энергетикасы мен  авиациялық-ғарыштық техникада, микро және оптоэлектроникада пайдаланылады;

-2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық өсті;

img-20180215-wa0013

— Сыр күрішшілері ел тарихында күріштің әр гектарынан 56 центнер, ал, жекелеген шаруашылықтар 80 центнерге дейін өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бүгінгі таңда күріштің өнімділігі 1991 жылғы көрсеткіштерден төрттен бір бөліктен (25 пайыздан) астам жоғары.

-2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие «Тором Хошеми» күріш сортын тәжірибелік негізде өсірдік, өнімділігі мен сапасы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік;

-өткен жылы Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне  400 литр шұбат өндіретін цех іске қосылды;

-Қызылорда қаласында жартылай фабрикат ет өнімдерінің фабрикасы, ал, Сырдария ауданында жылына 250 тонна өнім шығаратын ет комбинаты бар 10 мың бас қозы  өсіретін кешен салынды;

-Республикалық инвестициялық орталық қаржысы есебінен Сырдария ауданында үйрек пен қаз өсіретін құс фермасының жобасын несиелендірдік (қазірдің өзінде осы фермада 10 мың бастан астам құс өсірілуде);

-өткен жылы аймақтық «Қызылорда» инвестициялық орталығы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 2016 жылдың өзінде 774 млн теңгеге 124 жоба жүзеге асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды;

-аймақтық инвестициялық орталық құрылғалы 2 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға ауылдық жерлердегі 184 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде, ауылдық жерде 650 жаңа жұмыс орындары құрылды;

-тек соңғы төрт жылда ғана балық өндіру көлемі  65 пайызға өссе, оны өңдеу 2,5 есе, ал, балық өнімдерін экспорттау 3 есеге артты;

-2016 жылдың қаңтар айында «Байқоңыр» ӘКК қатысуымен Арал ауданының Қарашалаң елді мекенінен жылына қуаттылығы 900 тонна болатын балықты сервистік-дайындау орталығы пайдалануға берілді;

— экономика салаларында бір жылда 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның  10 мыңға жуығы — тұрақты жұмыс орындары. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейін тек қана ұстап тұрмай, оны 2016 жылдың басындағы 5 пайыздан  4,9 пайызға төмендетуге қол жетті;

img-20180215-wa0010

-«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2016 жылы қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

— былтыр облыс орталығында 980 га аумақты алып жатқан «Бәйтерек» жаңа шағын ауданы ашылды. Онда 6600  жеке жер телімдерінде 36 мыңнан астам халық тұратын болады.

-25 млрд.теңге көліміндегі  Қызылорда қаласын, 4 аудан орталығын газбен қамтамасыз ету, Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыстарын жүргіздік. Былтыр  қалған 3 аудан орталығы мен Қызылорда қаласындағы кейбір газ тартылмаған аймақтарды газдандыруды мақсат етіп қойдық. Жобаның жалпы құны 11,7 млрд теңгені құрайды.

— 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді 100 пайызға орындадық. Мұнда мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың үлесі бар. Бүгінгі күні балабақшалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жұмыс жасайды. Егер соңғы он жылда мемлекет 37 балабақша салса, соңғы үш жылда жеке сектор 380-нен астам балабақша салды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.