• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нәжметдинұлы: Білім басқармасының статистикалық мәліметтері жалған ба?

15.02.2018
0

Оңтүстікте өткен жылы 20 мыңнан астам студент кәсіби- техникалық колледждердің түлегі атанған. Ал, олардың 85 пайызға жуығы  мемлекеттік тапсырыспен оқуды аяқтапты. Мамандардың мәліметінше шәкірттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 77 пайыздан асып отыр. Алайда, бұл статистикаға қаншалықты сенуге болады? Расында орта білімді азаматтардың басым бөлігі мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ба? Ал биылғы оқу жылында  мемлекет қазынадан бұл бағытқа тағы қанша қаражат беріп отыр?

sequence-03-still001

Облыста жалпы саны 94 кәсіптік техникалық колледждер бар. Мемлекеттік 43 мекемеде -38 мың 701 студент, ал, жекенің меншігіндегі 51 -оқу ордасында 35 мың 445 шәкірт білім алады. Оның ішінде 46,6 пайызы мемлекеттік тапсырыспен оқитындар. Мамандарды даярлауда биылғы оқу жылына тағы да облыстық бюджеттен 11 мың 84 орын, республикалық қазынадан 4084 орын , жалпы саны 15 668 мемлекеттік тапсырыс қарастырылып отыр. Бұл көрсеткіш өткен 2 жылмен салыстырғанда 42 пайызға артыпты. Алайда , өңірдегі аудан,қалалармен кәсіпорындардан түскен сұраныс бұл көрсеткішке сай келмейді. Тіпті кәсіптік-техникалық колледждердегі кейбір мамандықтарға шәкірттер қызығушылық танытпайтын да  көрінеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда ферма шаруашылығына 34,7%-ға, автокөлік жөндеу, пайдалану және қызмет көрсетуіне 49,5%, үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану 44,9%-ға, дәнекерлеу ісі 50,8% мамандықтарға сұраныс азайып отыр. Сондай-ақ, облысымызда туризм, балық шаруашылығы, тамақтануды ұйымдастыру, сүт өнімдерін өндіру, жеміс-жидек пен көкөніс сақтау, полимер өндіру технологияс, құс өсіруші, шина өндірісі және көркейту процесі технологиясы, зоотехния өсімдік шаруашылығы сәндік, қолданбалы және халықтық кәсіпшіліктен, агрономия мамандықтарына сұраныстар мүлде жоқ. Облысымызда лифт шаруашылығы және эксколатор, газ жабдықтарымен жабдықтау, монтаждау және пайдалану, медициналық қызмет көрсету,тамақ,сауда және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жабдықтануы,компрессорлық машиналар және қондырғылар орнату мамандықтар қазіргі таңда сұранысқа ие.Бұл туралы облыс әкімдігінде, кәсіптік техникалық колледждердің мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандықтарын анықтау жинында айтылды.

sequence-03-still002

Мемлекет қаржыны білімді, тәжірбиелі маман даярлап шығару үшін сарп етеді. Олардың болашақта жұмысқа орналасып, қызмет жасауы да маңызды. Білім басқармасындағылар өңірде орта білімді дипомммен жұмысқа орналасқандардың пайызын 77, 1 пайыз деп көрсетті. Алайда, бұрын 4 жыл облыс әкімінің орынбасары қызметін  атқарған, бүгінде өңірдегі  қоғамдық кеңестің мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы аталған статистикаға сенбейтінін мәлімдеді.

sequence-03-still007

sequence-03-still008

Болат Нәжметдинұлы: «Менің ойым колледждер, сіздер басқа мемлекетсіздер, экономикалық сектор басқа мемлекет. Мұның себебін айтайын. Бізге соншама қажет емес мамандықтардың керегі не?  14 млрд 800 млн  теңгені неге жаратып отырмыз?. Басқарманың  бастығы  38 дуалдық мамандарымыз бар дейді, бірақ бір жылдан асты бір адам келген жоқ маған. Сіздерде қағаз жүзінде керемет. Жылдан жылға әртүрлі бағдарламалар мен қаржы бөлініп жатыр, ал бірақ 2017 жылдың кортындысымен жастар жұмыссыздығының  саны артып отыр, себебі сіздерден шыққан азаматтар жұмысқа тұрып жатқан жоқ. 80 және 77 % деген статистикаларыңыз жалған. Менің ойым, сіздердің шығарып жатқан мамандарыңыз ары кетсе 25 және 30%-дан аспайды. Баланың оқу бітіргендегі бір күндік мәліметті бере салмай, бір жылдық мәлметтердің қортындысын жасау керек.Егер сол 80%-дан төмен болса ,сол колледждің директоры жұмыстан кетуі керек. Мен осы ұсынысты қоғамдық кеңестің отырысында және облыстық мәслихаттың сессиясында  көтеремін. Басқарма басшысы осы мәселеге көңіл бөлуі керек».

sequence-03-still006

sequence-03-still005

    ОҚО білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов: «Ресми ақпаратқа сүйенгеннен кейін біз ресми ақпарат беруіміз керек. Ақпаратты жинақтаудың өзі оңай шаруа емес екен. Басқа да шаруалар көп. Қазір енді осы қаралып отырған мәселелер өзекті . Мен әдейі жеті салаға бөліп отырмын. Әр сала да жақсылап талқылынсын,қажет болса кей мамандықтар алынып тасталсын. Егер де маған мына колледждің мамандары жақсы екен , бірақ материалдық базалары сәйкес емес, практикасын менің базамда оқысын десеңіз, мен осылай бірігіп оқытса деп отырмын. Мен әдейі сіз қолдап отырған технологияға сәйкес оқытса екен деп отырмын. Осы  ұсыныспен барлықтарыңыздың бастарыңызды қосып отырмын. Барлығымыз да ұлт болашағына жанымыз ашитын адамдармыз ғой. Колледждің директоры , сен кетесің дегенімен жұмыс жүріп кетпейді. Бұл мәселені қалай жөндейміз, қалай шешеміз, осыны ойлыстыруымыз керек» — деп жауап берді.

 Керек маманды оқыту, сұранысқа сай мемлекеттің қаржысын бағыттау – дұрыс шешім осы ғана. Кезекті басқосуға келгендер дәл осы мәселені анықтау үшін  арнайы комиссия құрып, 1-наурызға дейін нақты сұраныстарды қалыптастыруы тиіс. Бұл шешім, болашақта бітіруші жастардың жұмысқа орналасуына да, білікті маман болып шығуына да сеп болуы керек.

Жомарт БЕГІМБЕТ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.