Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Ж.Түймебаев қатысқан аудан әкімінің есебінде туындаған мәселелер
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Ж.Түймебаев қатысқан аудан әкімінің есебінде туындаған мәселелер

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылдың 31 қаңтарында өткен Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаевтың халық алдындағы есеп беру жиынына қатысты. Сайрам ауданының тұрғындары облыс басшысының жиынға келуін пайдаланып, бірқатар ауданда орын алған өзекті мәселелер туралы ашып айтты.

    1

    8

    Есепте жер туралы мәселе көтерілді: тұрғындар меншіктеп алған кәсіпкерлер жайылым жерлерді толық пайдаланбауына наразылық білдірсе, жер учаскесіне тұрғын үй салудың мерзімін ұзартуды сұрады.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам ауданындағы жер мәселесіне қатысты проблемалардың біраз жылдан бері өзекті екендігін, бұл мәселені шешу үшін арнайы комиссия құру керектігін, комиссияның құрамына аудан депутаттары мен арыз иелерін енгізу,  комиссияның жұмысына қатыстыруын айтты. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттарына осы мәселені қадағалап, қолданыстағы Заңға сәйкес шешуді сұрады.

    9

    Сайрам ауданының тұрғыны Марапат Абдуллаева  Қарабұлақ ауылындағы мектепте оқитын қызын 2013 жылы ұрып-соққан сыныптастары мүгедек  етіп,  кінәлі адамдар 5 жылдан бері қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы туралы айтты. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі Ж.Түймебаев Сайрам ауданының ІІБ бастығына Заңға сәйкес мәселені жуық арада шешуді және Марапат Абдуллаеваның өтінішін толық қанағаттандыруды тапсырды.

    7

    Жиынға  қатысқан тұрғындар 400 ШРП-дан тасымалданатын табиғи отынның құны негізсіз есептелгені туралы айтып берді. Осыған сәйкес, облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы газ мекемесінің аймақтағы басшысына сұрау салған кезде, сала басшысы көгілдір отынның бағасын қайтадан есептеп, Заңға сәйкестендіретінін айтты.

    4

    Жиын соңында облыс басшысы Сайрам ауданының қалай дамитындығына тоқталып, басқосуда көтерілген мәселелерді қадағалауға алатындығын және ол бойынша жазбаша түрде тиісті тапсырма беретіндігін хабарлады. Сайрам жұрты аудан әкімінің есебіне бағасын бере отырып, жиынға арнайы келген облыс басшысына ризашылығын білдірді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.