• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Самара-Шымкент» рейсіндегі 52 жолаушысы қаза тапқан автобусы жоспардан тыс жолаушылар тасымалына лицензия алмаған болып шықты

18.01.2018
0

«18 қаңтарда 10.30-да (аст. уақытымен) «Самара-Шымкент» а/д 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) 10 шақырым жерде, Х 335 РСM мемлекеттік номерлі KassbohrerSetra маркалы жолаушылар автобусы өртке шалынды. Алдын ала деректер бойынша 57 адам жарақат алды, олардың 52-і қаза болды, 5-і жолаушы өз күштерімен (барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары) тірі қалды», — делінген бейсенбідегі хабарда. Автобус Шымкент (ҚР) — Қазан (Ресей) бағыты бойынша халықаралық тасымалдауды жүзеге асырғаны айтылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес апат орнына, «АМО» ТМСП МБ (4 адам және 1 техника бірлігі), «ҚазАвтоЖол» АҚ (5 адам және 4 бірлік техника) өкілдері, Ырғыз ауданының бастығы, Ырғыз ауданының ТЖД-сі (4 адам және 1 техника бірлігі) және ӨБ-7 өрт сөндіру Қарабұтақ к-ті Г.У. «ӨС және АҚЖ» (5 адам 1 техника бірлігі) жіберілді. Облыс орталығына дейінгі қашықтық — 320 км.

«KassbohrerSetra Х335РСМ маркалы автобус. Иесі: Мехтиев Ордухан Сабироғлы. Шығарылған жылы: 1989. Сыйымдылығы: 59 адам. Тұрақты маршруттар тізімінде: жоқ. Жоспарсыз жолаушылар тасымалы үшін лицензия алынған жоқ (жалдау шартында жұмыс істеу мүмкіндігі бар). Міндетті техникалық байқау: 2015 жылдың 17 тамызы (ТЭК Искаков Н.Е., Шымкент), 2016 жылдың 17 ақпанында аяқталатын мерзім», — деп келтірілген өртенген автобус туралы мәліметтерде.

Еске салайық, 18 қаңтарда «Самара-Шымкент» тас жолының 1068 км аралығында «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртеніп кетті. Салонда 55 жолаушы мен 2 жүргізуші болды. Бес жолаушы автобустан секіріп кетті, ал қалғандары қаза болды. Өрт орнына жедел жәрдем медицина орталығының қызметкерлері, Ырғыз ауданының өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Төтенше жағдайлардың алдын-алу қызметі туралы ақпаратқа сәйкес салонның жалынынан шыққан бес жолаушыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанда психологиялық қызметтің ыстық желілері орналастырылды.

Бұрын хабарланғандай, бес адамның жағдайы тұрақты болды. 2 жолаушы I-II дәрежесінде күйіп кетті, ал қалған 3-і шок күйінде болды. Алғашқы мәліметтерге сүйенсек, тірі қалғандардың үшеуі — Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

«Ақтөбе облысындағы оқиғаның себептерін зерделеу, сондай-ақ құрбандар мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды.

Оның құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, облыстың құқық қорғау және басқа да органдарының өкілдері кірді», — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында автобуста 52 адам қаза болған оқиғаның мән-жайларын түсіндіру мақсатында Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты Қазақстанға ұшып кетті.

ҚазТАГ.

Previous Post

Ақтөбе облысындағы автобуста 52 адам қайтыс болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты Қазақстанға ұшатын болады

Next Post

Жолдау — бірінші міндет: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.