Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» футбол клубы «Мариборды» 3:1 есебімен жеңді. Бұл командалар арасындағы жауаптық кездесу болатын. Бұған дейін елордалық клуб Словенияда алаң иелеріне 1:0 есебімен жол берген. Бүгін, міне, кеткен еселерін қайтарып, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алып отыр. Жерлестеріміздің сапынан Бауыржан Жолшиев, Рохер Каньяс және Патрик Твумаси мергендігімен танылса, ал қонақтар қатарында Александр Райчевич қақпамызды дәл көздеді. Авторы: М.Асылбек
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАРДЫҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
«SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украйна мемлекеттерінен және респбуликамыздың өңірлерінен жиналған 300 жас спортшы бақ...