Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар өңір басшысына ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, туризм, спорт салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

    Ең алғаш қабылдауға кірген еңбек ардагері Біржан Бижанов шалғайдағы шопандардың тұрмыстық жағдайы толғандыратынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы ардагерлер мекемесіне жеке ғимараттың қажет екенін айтып,  бейнеті күшті шаруаларға жағдай жасалса, өңіріміздің аграрлы саласы қарқын алатыныны жайында ұсынысын білдірді. Зейнеткердің ұсыныстарын тыңдаған облыс әкімі шопандар үйі болу қажеттігін айтып, аталған мәселелерді шешуді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековке тапсырды.

    Аймақ басшысының қабылдауына екінші болып кірген Елтай Бимағанбетұлы Түркістан қаласы — облыстың туризм орталығы болуы туралы ұсынысын жеткізді.  Өз кезегінде облыс әкімі ұсынысты қабыл алып, бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

    «Қазіргі таңда «Көне Түркістан» тарихи-мәдени туризмді дамыту тұжырымдамасын 3 кезеңге бөліп, іске асыру көзделген. Жобада этносаябақ, ашық аспан астындағы мұражай, шығыс үлгісіндегі сувенирлік дүкен сынды дүниелер қарастырылған», — деді өңір басшысы.

    Бұдан бөлек, қабылдауға келген облыстық дизайнерлер федерациясының төрағасы Расильбек Естемесов өңіріміздегі көпқабатты үйлердің сыртқы келбетін ұлттық нақыштағы графикалармен безендіруді айтты. Бұл жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы дайын жобаларының бар екендігін де тілге тиек етті.  Азаматтың өтінішіне қаныққан Жансейіт Қансейітұлы қала әкімдігіне ұсынысты пысықтап, нәтижесін баяндау керектігін жүктеді.

    Жеке қабылдауға келген азаматтардың бірі  «Барыс-2007» ЖШС-нің директоры Азат Қаражанов  тауарлар халыққа қолжетімді арзан бағада саудаланатын 10 гипермакеттің жобасын таныстырды. Сондай-ақ, «Мадина» макарон фабрикасының жұмысын жүргізу үшін теміржол тұйығы мен жол және газ құбырына байланысты туындаған мәселелерін айтты. Ұйым басшысын тыңдаған облыс әкімі арзан бағадағы сауда орнының халық үшін тиімді екенін айтып, аталған мәселелерді шешуді жауапты басқарма басшыларына тапсырды.

    Қабылдауды түйіндеген белгілі спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл облыста ауыр атлетиканы дамыту үшін өңір орталығында осы спорт түрімен шұғылдануға арналған спорт залы қажеттігін жеткізді. Мәселеге қаныққан облыс әкімі тиісті сала басшыларына қаладан демеушілер есебінен немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт нысанын салу  жайын қарастыруды айтты.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.