Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»25 жыл толған Қаржы бақылау жүйесінің шежіресі
    Жаңалықтар

    25 жыл толған Қаржы бақылау жүйесінің шежіресі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.12.2017Updated:14.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан соң 1992 жылы Қаржы бақылау саласы қалыптасты. Осы 25 жылдың ішінде қаржы бақылау жүйесінде 8 мемлекеттік орган құрылған. Атап айтқанда:

    1992 жылы  15 қазан айында Мемлекеттік Қаржы бақылау Комитеті құрылды.

    Осы жаңадан мемлекеттік орган құрылғаннан кейін Қазақстанда Қаржы бақылау саласы қалыптасты. Осыған негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» № 684 Жарлығы. Аталаған Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің  «Министрлер Кабинеті жанындағы  Қаржы бақылау Комитеті қызметінің  мәселелері туралы» 1992 жылы  15 қазан айындағы № 864 қаулысымен  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің  Бақылау – тексеру басқармасы негізінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан Мемлекеттік Қаржы бақылау Комитеті құрылды.

    1994 жылы 15 шілде айында Қаржы бақылау Мемлекеттік Комитеті құрылды.

    Бұған негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 15 шілдедегі №1795 Жарлығы.

    1995 жылы 19 қазан айында Қаржы – валюталық бақылау Комитеті құрылды.

    Елбасының 1995 жылғы 19 қазандағы №2541  Жарлығынының негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанынан Қаржы – валюталық бақылау Комитеті құрылды.

    1998 жылы қазан айында Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті құрылды.

    Жаңадан ұйымдастырылған департаментке  Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» №3986 Жарлығымен Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау  Комитетінің функциялары берілді.

      1999 жылы желтоқсан айында қайтадан Қаржы бақылау Комитеті құрылы.      

    1999 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1959 қаулысымен Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау Комитеті қайта құрылды.

    2004 жылы қазан айында Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитеті құрылды.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы қазан айындағы №1134  қаулысымен  Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитеті құрылды.

    2008 жылы 24 сәуір айында Қаржылық бақылау комитеті құрылды.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті құрылып,  аумақтық басқармалардың атауы аумақтық инспекция болып өзгертілді.

    2016 жылы 3 мамыр айында  Ішкі мемлекеттік аудит комитеті құрылды.

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 3 мамырдағы №264 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің атауы «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» болып өзгертілді.
              Мәліметтер Елбасының Жарлығынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен алынды.

    Абай АЛИБЕКОВ,

    Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.