• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

18.11.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Исалар бар.

Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерейтой иесін құттықтап, «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кештің сәтті өтуіне тілегін білдірді.

«Біз Сізді жазушы, драматург, ұлтымыздың болмыс-бітімін сол күйі келешекке жеткізуші ретінде, ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейде таныла түсуіне ерекше үлес қосып келе жатқан, өзінің дара жолы бар ел азаматы ретінде мақтан тұтамыз. Биылғы жылдың қазан айында Ұлыбритания астанасы Лондон төрінде лордтар палатасында арнайы қабылдау өтіп, «Пьесалар жинағы» кітабыңыздың тұсауы кесіліп, «Аққу жібек» атты пьесаңыздың қойылымының өтуімен Сізді шын жүректен құттықтаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Дулат Исабеков — қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, тыңнан түрен салған жазушы. Туындыларының әр сөзі тірі, әр сөзі мәңгілік қозғалыста. Өйткені, Дулат Исабеков күрделі заманның төл жазушысы.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары «Жолда» әңгімесі жарық көріп, кейінен «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ», «Тіршілік» повестер мен әңгімелер жинақтары жарық көрсе, 80-ші жылдары «Қарғын» романы басылып шықты.

Кездесуде сөз алған жазушы Бексұлтан Нұржекеев Дулат Исабековтің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.  Ал, ақын Қазыбек Иса халық жазушысының өмір ғұмырдариясынан кеңінен сөз қозғады.

Кездесуді қорытқан облыс әкімі мерейтой иесі мен қонақтарға сый-сияпат жасап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, бүгін Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Дулат Исабековтың 75 жасқа толуына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, театр сахнасында республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры артистерінің орындауында жазушының «Мұрагерлер» атты қойылымы көрермендер назарына ұсынылмақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

30 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР ИЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен 30 отбасы үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болды. Яғни, жалдамалы баспананың кілтін иеленді....

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚҰРМЕТ САПАРЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

“ Қарттарым – асыл қазынам” Жақындарынан алшақтап, өзге жандардан жылу көрген 70 қарттың жағдайы қалай? Оларға бүгінде қандай әлеуметтік көмек...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін үш маңызды сала бір жиында талқыланды. Неліктен санитариялық қызмет кез келген кәсіпкерді тексере...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.