Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Исалар бар.

    Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерейтой иесін құттықтап, «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кештің сәтті өтуіне тілегін білдірді.

    «Біз Сізді жазушы, драматург, ұлтымыздың болмыс-бітімін сол күйі келешекке жеткізуші ретінде, ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейде таныла түсуіне ерекше үлес қосып келе жатқан, өзінің дара жолы бар ел азаматы ретінде мақтан тұтамыз. Биылғы жылдың қазан айында Ұлыбритания астанасы Лондон төрінде лордтар палатасында арнайы қабылдау өтіп, «Пьесалар жинағы» кітабыңыздың тұсауы кесіліп, «Аққу жібек» атты пьесаңыздың қойылымының өтуімен Сізді шын жүректен құттықтаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Дулат Исабеков — қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, тыңнан түрен салған жазушы. Туындыларының әр сөзі тірі, әр сөзі мәңгілік қозғалыста. Өйткені, Дулат Исабеков күрделі заманның төл жазушысы.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары «Жолда» әңгімесі жарық көріп, кейінен «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ», «Тіршілік» повестер мен әңгімелер жинақтары жарық көрсе, 80-ші жылдары «Қарғын» романы басылып шықты.

    Кездесуде сөз алған жазушы Бексұлтан Нұржекеев Дулат Исабековтің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.  Ал, ақын Қазыбек Иса халық жазушысының өмір ғұмырдариясынан кеңінен сөз қозғады.

    Кездесуді қорытқан облыс әкімі мерейтой иесі мен қонақтарға сый-сияпат жасап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

    Айта кетейік, бүгін Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Дулат Исабековтың 75 жасқа толуына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, театр сахнасында республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры артистерінің орындауында жазушының «Мұрагерлер» атты қойылымы көрермендер назарына ұсынылмақ.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.