• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Біз туралы

«Қазақ халқына мәңгі қарыздармын!..»

09.09.2017
0

Шиеттей үш жасында отбасымен Қазақстанға  жер аударылды. Қазақ жерінде тамыр жайып, топшысын қатайтып, өсіп-өнді. Қай жерде болмасын «Қазағым, тілім!» — деп ана тілдің мәртебесін көтеріп жүрген Асылы Әлиқызы тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде — «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданының және Алматы облысының Құрметті азаматы. Қазақстандағы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы. Атамыз қазақтың «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген тәмсіл сөзі бар. Зобалаң жылдары қазақ жерінен тұрақ тапқан Асылы Османның  қиындықта сүйеу болып,  бір үзім нанын бөліп берген пейілі дархан қазаққа деген алғысы шексіз. «Қазақ халқына мәңгі қарыздармын» деп айтудан еш жалыққан емес…

 

Кавказда туған қайсар қыз

Жексенбінің жайлы кешінде Алматы әуежайынан ұшаққа отырдық. Бағытымыз — Грузия мемлекеті. Тап сол Қап тауының етегінен үш жасында еріксіз  қуылған Асылы апай одан бергі уақытта туған жеріне аяқ баспаған. Қаны қазақ болмаса да, жаны қазақ болып кеткен қазақтың ерке қызын 72 жылдан соң кіндік қаны тамған отанымен  қауыштыруды аманат еткен «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы әуеде қалықтаған ұшақтағы төрт сағаттан соң Тбилисиге түн ортасында келіп қонды.

Кавказдың қатпар-қатпар таулары кәрі тарихтың куәсі.Үнсіз мүлгіп жатқан табиғат-ананы сілкіп қалсаң, селкілдеп келіп жылайтындай.. Өзгенің  емес, екі аяқты пенденің  көрсеткен кешегі қорлығы бүгінгі тарих бетінде түбі бір түркі бауырларының қанымен жазылды.

1944 жылы  Сталиндік саясаттың әмірімен қолына қару ұстай алатын 40 мың түрік Екінші дүниежүзілік соғысқа алынады. Ал қалған Грузия жеріндегі Ахалцихе, Адиген, Аспиндзе, Богданов және Ахалкалак  сияқты оңтүстік батыс шекаралық аудандарын мекендеп, айрандай ұйып отырған  халықты бір түннің ішінде үдере көшірді.Тарихи Отанынан күштеп жер аударылғандардың саны  — 115 мың адам. Депортацияланғандар негізінен әйелдер, балалар мен қарттар. Ақ қар, көк мұзда  мал таситын вагондарға тиелген жазықсыз халық  аштықтан, медициналық көмектің болмауынан екі айға созылған жол жүру мерзімі ішінде Қазақстан мен Орта Азияға жеткенше 20 мыңға жуығы жолда қырылып кетті.

Асылы Әлиқызы соғыс басталған 1941 жылы Грузияның  Хавет деген ауылында дүниеге келеді. «Сормаңдай сорлы екенімді кейін білдім.Тағдыр маған түрлі тауқімет пен қайғы қасіреттің куәгері болуды жазыпты», — дейді Асылы апай. Ғасырлар бойы мекен еткен тарихи отанынан күштеп айдалғанда ол небәрі үш жаста еді. Еміс –еміс есінде қалғаны, тастан қаланған аласа үйлер мен биік қырдың үстіндегі ағаштар қана. Асылы апамыздан тәптіштеп білгеніміз осы. Нар тәуекелге бел буып, Тбилисиден 183 шақырым жердегі Ахалкалак ауданына жолға шықтық.

Биік тауларды қашай отырып салынған, бұрылыс-бұралаңы көп қауіпті жолдармен жүре отырып үш сағаттан соң Ахалкалакқа жеттік. Осы жерде біздің түсірілім тобымызға біршама уақыт аялдауға тура келді. Өйткені, межелі жеріміз Асылы апамыздың туған ауылы Хавет одан әрі 54 шақырым қашықтықта. Ахалкалактың ең соңғы нүктесі,Түркиямен шекаралас жатқан шалғайдағы ауылға біз мінген көлік жүре алмайтын болды. Ақылдаса келе екіге бөліндік. Бір тобымыз Ахалкалакта қалды. Жергілікті екі азаматтың жеңіл көліктерін  жалдап, түсірілім тобымыз Асылы апамызды ортаға алып Хаветке жол тарттық

Екі көлік қатарласа жүйткіп келеді. Тастақ жолдардың соққысы денеге ауыр тигеніне емес, 72 жыл кіндік қаны тамған туған жерін көрмеген қазақтың асыл қызы Асылы апамызды ойлап жүрегіміз ауырады. Келесі көліктегі Асылы апай анда-санда бізге қолын бұлғап қояды. Барлығымызды мазалаған бір сауал: Атамекенінен сәби кезінде саяси қуғынға ұшырап, қартайған шағында қайта оралуды маңдайына тағдыр жазған апамыз қандай көңіл күйде екен? Жылаған бала мен еңіреген ананы бір-бірінен айырып, тып-тыныш өмір сүріп жатқан ата-бабасының жүрегін қан жылатып, мал секілді вагонға тиегенде  бейбақтарды осы жолдармен алып жүрген болар.  Ауыр ойлармен арпалысып, Хавет ауылына да жеттік. Міне, тап осы ауылда қазақтың сүйікті перзенті Асылы Осман жарық дүниенің есігін ашқан.

img_1985                        Суретте: Делегация мүшелері Ахалқалақ ауданына кіре берісінде. Грузия.

Қолдан жасалған қырғын…

 

Табиғатынан  жан дүниесі кіршіксіз Асылы апа бұл күні ұзақ жылады. Қазақтың дархан көңілі оны жетпіс жыл жетімсіретпесе де, туған жердің әрбір тасы, топырағы, жұпар ауасы оны еріксіз елжіретті. Өзінің бастау алған бұлағының тұнығын лайлағандарға налыды.

Асылы Османның  отбасында бір анадан үш ұл, үш қыз өскен. Әкесі Әлидің айтуына қарағанда, Грузияның Түркиямен шекаралас Хавет ауылына  жүк көліктері лек-легімен ағылғанда таң бозарып атқан мезгіл көрінеді. Әй-шай жоқ, көлікті есікке тақап қойып, біреуіне екі-үш үйдің отбасы мүшелерін тиеп, теміржолға әкеліп, мал таситын вагондармен  белгісіз бағытқа жөнелтеді. Аш-жалаңаш, қорғансыз үлкенді-кішілі қарапайым халыққа «тағдыр басқа салды, біз көндік» дегеннен өзге қолдарынан дәнеңе келмейді.

Жоғарыда аталған тозақ вагондарында жол-жөнекей өлгендердің саны көп болған. Бірнеше ай сасыған өліктермен қоян-қолтық өмір сүрудің соңы денсаулыққа әсер етіп, рухани күйзеліс пен сырқатқа ұшырағандар да кездесіпті. Ауыр жағдайдан көз жұмған балаларын дұрыстап жерлеу бұйырмаған аналардың жүректері қарс айырылып, есінен адасқандар да болды. Алла тағаланың ақ ажалынан емес, қолдан жасалған қырғыннан, қиянаттан ауыр не бар екен бұл дүниеде?!.

 

Жақсылық ешқашан ұмытылмайды!

 img_2475                       Суретте: Тбилисидегі Кура өзенінің бойында Грузиядағы қазақтың суретші қызы, есімі грузиялықтарға әйгілі Гулнара Утевамен бірге.

Тірі қалғандар қазақ жеріне жеткізілді. «Шын мәнінде қазақ секілді мейірбан халық кездеспегенде,    қыстың көзі қырауда қырылып қалар ма едік» — дейді Асылы апай. Қазақстанға жеткізілген соң, бұларды бөліп-бөліп, әрбір ауылдарға жібереді. Мүмкін бақыты болар… Асылы апамыздың әулеті  Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты ғажап Түлкібас ауданына қоныстанады. Бұл 2-ші дүниежүзілік соғыстың нағыз қиын күндері болатын. «Шықпа жаным шықпамен» отырған қазақ  халқы өздері қиналып отырса да, кең қолтық, дархан пейілмен, соңғы үзім нанын жер аударылған жандардың аузына тосады.

Осылайша ынтымағы жарасқан ортаға тап болған Асылы апамыздың көп ұзамай анасы  Ағжа көз жұмады. Ол кезде  Асылы апа бар болғаны төрт жаста. Шиеттей алты баламен қалған отағасы Әли ағамызға балаларын жетілдіру  оңай болған жоқ. Жанашыр адамдар  оңды-солын енді таныған Асылы қызға қазақтың салт-дәстүрлерін, тіл мәйегін санасына сіңіреді. Сондықтан да ол өзін әрқашан қазақ халқының алдында қарыздармын деп есептейді!

Жанындай жақсы көрген әкесі Әлидің мал баққан сай-салалары, тар кұрсағын кеңейтіп өмір сыйлаған Ағжа анасының табаны тиген қасиетті өлке, бауырларымен асыр салып ойнаған  қамсыз балалық шақтың мекені,  ата-бабасының  тарихи отаны, Асылы Османның шыр етіп дүниеге келген туған жері, туған топырағы.

-72 жыл  жанымды жаралап, жұдырықтай жүрегімді езіп келген  азалы қасірет бүгін мені босатты, — деді Асылы апа. — Қап тауы әке-шешемнің жүрген жерлері болған соң, тартқан шығар. Алайда, мен үшін туған жерімнен тұрған жерім артық…

Міне, Асылы Әлиқызы Османның азаматтық бейнесі осындай!

…Тбилисидің жаңа күні  таң шапағымен нұрланып тұрды. Асылы апаның жүзі де бүгін ерекше ажарлы. Грузияның ең үлкен өзені Курамен жүзіп келеміз. «Айғақ» телеарнасының осынау ғажап өлкеге іс-сапары  аяқталуға жақын. Азды-көпті  уақыт бізді осы бір ғажап өңірге бауыр бастырды. Ал Тбилисиде тұратын қандастарымыздың қонақжайлылығы, ыстық ілтипаты,  бізді бұл сұлу өлкеге  жіпсіз байлағандай тіпті…

Айта кетерлік жайт, Түлкібастың тумасы саналатын, киелі Түркістанда білім нәрімен сусындаған Асылы апамызға биыл Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұсынысымен сессияда қаралып, халық қалаулыларының тарапынан қолдау тауып Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы берілген болатын. Міне, осыған орай Асылы апамыздың иығына Кура өзенінің бойында иығына қазақы салтпен шапан жабылды.

Асылы Осман! Оның есімін қазақ елі мақтанышпен айтады. Қазақ тілінің қаймағынан қалқып алып, алқалы топта арқаланып, ойын ашық айтып, миллиондардың жүрегіне жол тартқан Асылы апаның риясыз көңіліне сүйсінбеу мүмкін емес. Тумаса да да туғандай болған, берісі қазақтың, арысы түркінің бағына  жаралған қайсар қызды өзі құлай сүйетін қазағының дархан пейілі асқақтата бергей!

Дулат ӘБІШ,

Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

«Қазақ әдебиеті» №37 8-14 қыркүйек, жұма, 2017 жыл

www.qazaqadebieti.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AVTOBYS» КАРТАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«AVTOBYS» КАРТАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.08.2024
0

    Шымкентте «Avtobys» жеңілдікті көлік картасы іске қосылды. Әлеуметтік картаны 550 теңгеге сатып  алып, шексіз қолдануға жарайды. Ал, мектеп...

ВОЛОНТЕР ЖАСТАР — ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

ВОЛОНТЕР ЖАСТАР — ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Айғақ медиа
29.05.2024
0

    Шымкентте 10-нан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Осы арқылы жақсылыққа жаны құштар жастар қаламызда көбейіп келеді. Бүгін Шымкент...

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕФОН КОДЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕФОН КОДЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Айғақ медиа
14.03.2023
0

 Сурет: pixabay 2023 жылғы 14 наурызда үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон коды...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

1966 жыл Түркия

1966 жыл Түркия

Айғақ медиа
07.10.2021
0

Сурет, 1966 жылы Измирде (Түркия) түсірілген. Екі үйекке жіктелген әлемнің мүйіздескен саяси текетіресі Түркияны да айналып өтпеген еді. Елде идеялогиялық...

ОРДАБАСЫДА АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ОРДАБАСЫДА АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Мемлекетпен жүргізілген стратегиялық бағыттың нәтижесінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамуда. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артып келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.