• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО-да өткен тамыз конференциясында үш ұстазға пәтер кілті табысталды

25.08.2017
0
 Оңтүстік Қазақстанда «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»  облыстық педагогикалық тамыз конференциясына дейін, облыстағы аудан, қалалардағы мектептердің жыл бойғы атқарған жұмыстары мен жетістіктері паш етілген көрмесі өтті.
Жыл сайынғы дәстүрлі шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, жалпы білім саласына қатысты құрылымдардың жетекшілері сынды 800-ден астам адам қатысты.
Ең алдымен, конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов білім саласындағы жетістіктер мен алда атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.004260-still001
Атап айтқанда, биыл білім саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 257,6 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 19  млрд. теңгеге  артып отыр. Мұнан бөлек, осы жылы 31,2 млрд. теңгеге 79 білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатса, оның 29 білім нысаны жыл соңына аяқталып, пайдалануға беріледі.
0069ud-still001
2016 жылы апатты және үш ауысымды 43 мектеп болған еді. Ағымдағы жылы 20 мектептің құрылысы тапсырылады, ал қалған 23 мектептің құрылысын 2018-2019 жылдары аяқтау жоспары іске аса бастады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары өткен оқу жылымен салыстырғанда 95 бірлікке (жекеменшік – 93 балабақша, 3 шағын орталық) артып, бала бақшаға кезекке тұрған 3-6 жастағы балалар саны 43 мыңнан 28 мыңға азайды.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мектеп оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Облыс бойынша осы оқулықтарға жалпы 4,5 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге өсті.
Жиын барысында сөз алған облыс басшысы өңір педагогтарын жаңа оқу жылымен құттықтап, Елбасының рухани жаңғыру  бағдарламасында айтылған білім саласына қатысты  жүктеген міндеттерге тоқталды.
«Бүгінгі тамыз кеңесі – білім беру ісіндегі жеңістеріміз бен кемшіліктерді саралайтын айшықты алаң және алдымызда тұрған міндеттерді пысықтайтын маңызды басқосу. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» — деген болатын. Сондықтан да бүгінгі таңда – білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастар түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған күрделі кезең», — деді Ж.Түймебаев.0126f3-still001
Білім беру саласындағы жетістіктерді саралап болған соң, аймақ әкімі саладағы кемшін түсіп жүрген мәселелерге де тоқталды. Сапалы білім беру жайттары мен суицид, сыбайлас жемқорлық саласындағы өзекті мәселелерді шешудің бірқатар жолдарын нұсқаған Жансейіт Қансейітұлы аталған проблемаларды шешуде өңір тұрғындарының да белсенді болуы қажеттігін жеткізді.
Тамыз конференциясында білім саласында талай жылдардан бері үлгілі қызмет етіп келе жатқан өңірдегі үш ұстазға – атап айтқанда, Шымкент қаласы, №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Дүйсебековаға, Шымкент қаласы, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жанат Мұсаеваға және Түркістан қаласы, №9 Некрасов атындағы гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Венера Батырқұловаға пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, жиында облыс әкімінің Грамотасына 5 падагог ие болса, 8 ұстаз облыс басшысының Алғыс хатын алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің наградалары аясында 5 мұғалім «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін, 5 ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін, 4 сала қызметкерлі «Құрмет грамотасын» және 4 мұғалімге «Алғыс хаты» бұйырды.
0076k0-still001
Айта кету керек, өңірде қазіргі  таңда 69 мыңнан аса мұғалім білім береді. 2017-2018 жаңа оқу жылына 640 мыңға жуық оқушы келеді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 28 мыңға (2016ж.-611318) өседі деген сөз. Оның ішінде, 1-сыныпқа  баратын балалар саны  73691  баланы құрап отыр. Жалпы өңір бойынша 1036 мектеп бар, оның ішінде 7-еуі жеке меншік.
Previous Post

Шесть казахстанцев спасли в Ираке — Рамзан Кадыров

Next Post

ОҚО-да «Алтын белгімен» бітірген түлектер шекті 50 балды да жинай алмаған

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.