• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«ОҢТҮСТІК» АИО биыл 16 кооператив пен оның мүшелерін қаржыландырды

21.08.2017
0

Арыс қаласында өңір кәсіпкерлерін бірігіп жұмыс жасауға шақыратын «Бірлік түбі – береке» атты ақпараттық түсіндіру акциясы өтті.

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы ұйымдастырған акцияның мақсаты өңір шаруаларын барынша бір кооперативке біріктіріп, облыс экономикасын дамыту. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерді бірігіп жұмыс жасауға шақыру, оларды қолдау мақсатында компания аудандар бойынша тұрақты түрде көшпелі жиналистар мен семинарлар өткізіп келген. Дегенмен бұл жолы насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді аталған орталық жаңаша тәсілмен қолға алды.

Акция барысында «Авто-мотофедерация Шымкент» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып мото-флэшмоб ұйымдастырылды. 20 дан аса кәсіпкерлермен ұйымдастырылған кездесу, еркін бейресми түрде өткізіліп, барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды кез келген уақытта қою мүмкіндігіне ие болды.

Шара барысында «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре кооперативтерді қаржыландыру шарттары және оларға ұсынылатын жеңілдіктер туралы түсіндірді. Сондай-ақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни кооперативтерден кепілдеме және аванстық төлем талап етілмейтін қаржыландыру механизмі жасалынғанын, кооперативтер инвест-субсидия алу арқылы бизнесті жарты құнына құру мүмкіндігіне ие болатындығын жеткізді. «Біз мемлекеттің ақшасын халыққа үлестірушіміз. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты елдің тұрмысын түзеп, қосалқы жұмыс орындарын ашу болып табылады», — деді Қ.Байтөре.

Акция аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған «Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативінің Арыс қаласында атқарып жатқан жұмысы үлгі ретінде көрсетілді. «Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативі биыл қаржы орталығынан несие алып, 6 трактор мен 8 аспалы құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде сол техникалар арқылы ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп баптаумен айналысатын шаруаларға қызмет көрсетуде.

Айта кету керек, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығында кооперативтерді қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға дейін беріледі. Төлемнің демалыс мерзімі 24 айға дейін.

2017 жылы «ОҢТҮСТІК» АИО және оның еншілес мекемесі «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып 279 млн. теңгені құрайтын 16 кооператив және оның мүшелерін қаржыландырған. Оның ішінде 77 млн. тенгені құрайтын 3 жоба ауыл шаруашылық техникасын алуға, 45 млн. теңгені құрайтын 2 жоба құс шарушылығына, ал 156 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мал шаруашылығы саласына бағытталған.

Сонымен қатар, компания тек Шымкент қаласының өзінде 242 млн. теңгені құрайтын 9 кооперативтің жобасын қаржылай қолдап отыр.

Бүгінгі таңда Орталық арқылы 10 кооперативтің жалпы 290 млн. теңгені құрайтын жобасы мақұлданып, қаржыландыру сатысында. Олар, сүт қабылдау бекеті, сүт тасымалдау автокөлігі, рефрижератор, құрама жем өңдеу цехы, мал сою бекетін жабдықтау сияқты құрал жабдықтарды алып, жұмыстарын жүргізбек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түлкібас ауданындағы қасиетті мекендер

Next Post

Оңтүстіктен Солтүстікке қарай 36 отбасы жолға шықты

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.