• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді

17.08.2017
0

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының баспана құнына ықпалы туралы айтып берді – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қазақстанда бағдарлама іске қосылғаннан кейін құрылыс нарығында тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасының айтарлықтай төмендегені байқалуда.

«Өңірлерде шаршы метріне 140 мың теңгеге дейін тұратын баспаналар салынуда, ал Астана, Алматы қалаларында және еліміздің батыс өңірлерінде – шаршы метріне 180 мың теңгеге дейін тұрады», — деп түсіндіріп өтті вице-министр.

«Нұрлы жер» бағдарламасының құрылыс нарығына ықпалының нәтижелері туралы «Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да айтып өтті.

«Бізде 2004 жылдан бастап 44-тен 59 мыңға дейін пәтер пайдалануға берілді. Осы соңғы екі жылда үлкен өзгеріс байқалды. 2015 жылы 79 мың пәтер пайдалануға берілді, 2016 жылы – 89 мың, ал 2017 жылдың 5 айында – 37 мың жаңа пәтер өткізілді», — деді Л. Ибрагимова.

Сондай-ақ, ол инфляциялық таргеттеу мен долларсыздандыру үдерістерінің нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағасы теңгемен белгіленгенін, және нарықта өсімнің байқалмайтынын атап өтті.

«Біз Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде 2017 жылдың бес айында ипотека беру көлемінің 76%-ын қаржыландырдық және бастапқы әрі қайталама нарықта баға өсімі байқалмайтынын көріп отырмыз. Бұл — бағдарлама аясында оның құралдарын пайдаланып қалудың бірегей мүмкіндігі деп ойлаймын», — деді ТҚЖБ басқарма төрайымы.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі – Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры. Бұл — «Бәйтерек» холдингінің құрылыстың аяқталуын кепілдендіру мен қазақстандықтарға құрылысқа өркениетті жолмен, үлескерлікпен қатысуға мүмкіндік беру үшін құрылған еншілес ұйымы.

Л. Ибрагимова 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған қор арқылы бірінші жобаны іске асыру жұмыстары басталатынын хабарлады. Бұл астаналық «Миллениум парк» ТК-дағы 100 пәтер болады. ТҚЖБ салымшылары шаршы метріне 290 мың теңге болатын бағаға баспана сатып ала алады. Оларға арнайы кепілсіз несие желісі қолжетімді болады.

Previous Post

Полицейским Казахстана полностью запретили тонировку на машинах

Next Post

Қарқаралы жеріндегі Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына «Айғақ» телеарнасы шақырту алды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.