• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Мақтааралда су тапшылығы жойылды

16.08.2017
0

Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін аймаққа айналдырған «Достық» каналының арнасынан биыл су кеткен жоқ. Бастауын Өзбекстаннан алатын каналдан келетін су бұған дейін жаз ортасында мақтаралдық диқандарға жетпей, шаруалар шаш етектен шығынға батып, төккен терлері текке кететін.

Мақтаарал ауданында 136 мың гектар суармалы жер бар. Биыл ақ алтын алқабының көлемі біршама ұлғайтылып 94 мың гектар жерге мақта егілген. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов жылдың басында журналистерге берген брифингте «Мақтааралда биыл су тапшылығы болмайды!» деп мәлімдеме жасаған еді. Кейіннен өңірдегі коллекторлық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, тік дренажды ұңғымалар жарақтандырылды. Сол жұмыстардың арқасында ауданның су жүйелері ретке келіп, су тапшылығы жойылды. Сонымен қатар, су мәселесінің шешілуінде қазақ-өзбек қарым-қатынасының жандануы да өз нәтижесін беруде.

«Жаздың шілде-тамыз айларында су тапшы болып, өзімізге тиісті суымызды 50 пайызға дейін ала алмай жүрген жылдар болды. Осы жұмыс қолға алынып, бірталай іс-шаралар жасалынды. Соның нәтижесін көріп отырмыз. Қазір өзімізге тиісті суды толығымен алып жатырмыз.  Мақтааралға «Достық» трансшекаралық каналынан секундына 100 текше метр су түсіп жатыр. Бекітілген кесте бойынша 1 миллиард 116 миллион текше метр тіршілік нәрі алынады. Бұл суару маусымына және көктемгі сорды шаюға жеткілікті болады» —  дейді «Қазсушар» РҚМ ОҚОФ директорының міндетін атқарушы Толқын Балпиков.

Бірнеше жылдан бері Өзбекстанмен су мәселесі жөнінде келісім жүргізген ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев «Достық» каналының суын пропорционалды түрде бөлісуге келіскенін айтып отыр. Яғни, дәл осы канал арқылы көрші ағайындардың 112 мың гектары, мақтааралдықтардың 136 мың гектары су ішеді. Төрағаның айтуынша, бұған дейін өзбек тарапы өздерінің гидробекеттеріне жібермейтін. Қазіргі келісім бойынша көршілес әріптестермен өздерінің бекеттеріне тексеру үшін, қадағалау үшін жіберетін деңгейдегі уағдаластыққа қол жеткізілген.

Былтыр Мақтаарал ауданының 50 мың гектары су тапшылығын көрген. Оның кесірінен 40 мың тоннадан астам ақ алтынды диқандар ала алмай қалған. Ал биыл бұл мәселе мүлде болған жоқ.

«Судан ешқандай мәселе болған жоқ. Мақтамыз толықтай бірінші суын ішіп бітті. Енді екінші суды ашып жатырмыз» — дейді 120 гектар алқапқа мақта дақылын еккен шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Арызқұлов.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент қаласының әкімдігі 2 айда қаралатын арызды 9 жылға созып келеді…

Next Post

ОҚО-ның денсаулық сақтау және туризм саласына словакиялық кәсіпкерлер инвестиция салмақ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.