• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Акробатиканың алғашқы қарлығаштары

12.08.2017
0

Бағдарламаның бұл жолғы санында қазақ циркінің қарлығаштары, акробатикада өнер көрсеткен ерлі-зайыпты Икрам Ниязов пен Гүлжаһан Ниязова туралы айтпақбыз.

Бұл талант иелері туралы сөз қозғамас бұрын, акробатика өнеріне тоқталайық. Бұл сөзді латын тілінен аударар болсақ, аяқтың ұшымен жүремін, өрмелеймін дегенді білдіреді екен. Күш жұмсамай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі. Акробатиканың Қазақстанда дамуы 1933 жылдан басталады. Бұрынғы заманда қазақ ақсүйектерінің яғни хандардың, сұлтандардың, батырлардың жанындағы сайқымазақтар, даршылар акробатикалық өнер көрсеткен деседі. Ал, бүгінде көрерменді таңырқататын бұл әсем өнер елімізде жақсы дамып келеді.

Оңтүстік циркінің алғашқы қарлығашы – Гүлжаһан Ниязова. Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш акробат. Зейнет жасына жеткенге дейін сахнада жүріп, қыл арқанның үстінде өнер көрсеткен Гүлжаһан Қожамқұлқызы Отырар ауданының тумасы. Жолдасы Икрам Ниязовпен сахнада танысып, өмірде де, өнерде де бірге қол ұстасқан ерлі-зайыптылар. Өнерге деген құштарлық сахнаға жетелеп, тайлай қиындықты ұмытуға себеп болған.

sequence-01-still002Бүгінде 70- жастағы Гүлжаһан апаның өмірдегі тірегі, сахнадағы серігі болған акробат Икрам Ниязов Сайрам ауданының тумасы. Палуан Қажымұхандай мықты болған алып күштің иесі бір сәтте 25 жігітті емін-еркін көтерген деседі. Тіпті 220 вольтті токтың өзі оған әсер етпеген. Көпшілік бас қосқан жиындарда қасық, пышақ жұтып, кез-келген затты қолдан-қолға шапшаң өткізіп жұртты күлкіге қарық ететін әзілкеш те болыпты. Ал, сахнада сүйген жары Гүлжаһанды бір қолымен жоғарыға көтеріп, сан-түрлі өнер көрсеткен. Ғұмырының соңғы жылдарын цирк сахнасында өткізген Икрам Ниязов 2015 жылдың 13-шілдесі күні бұл жалғанмен мәңгі қоштасты. Денесі де, жүрегі де үлкен болған Икрам Ниязов көзі тірісінде бейнетаспаға түсуді құп көрмеген. Ерекше дарын иесін түсіруге келген талай телеоператорларға үзілді-кесілді қарсы болып, бейнекамерадан бас тартқан. Сондықтан алып күш иесінің көрсеткен өнері таспада сақталмаған. Гүлжаһан Ниязова жүрегіне жол тапқан жары туралы тек жадындағы естеліктермен бөлісті.

Киелі, қасиетті цирк сахнасы екі жасты міне осылай тоғыстырыпты. Өткен күндерге кері шегінген Гүлжаһан апа өнерге келуіне себеп болған балалық шақтың әдемі естелігін қайта еске түсірді. Қазақ циркінің қарлығашы бала кезде темір жолдың бойындағы баспанада тұрыпты. Міне сол сәтте дүкенге, мектепке рельстің үстінде жүріп баратын болған екен. Содан болар,  арқан үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру аса қиындық тудырмапты.

Икрам мен Гүлжаһан Ниязовтардың 2 қыз, 1 ұлдан тараған немерелері бар. Міне сол қызықтарымен бүгінде Гүлжаһан апа бір шаңырақ астында, дастархан басында әңгіме құрып отыр.

00103-mts-still001

Саналы ғұмырын сахнаға арнаған акробат Гүлжаһан апа цирктің сахнасын сағынып жүргендігін айтып қалды. Ал, қазір биіктікте арқаннан жүре аласыз ба? — деген сұрағымызға егер бірер ай жаттықсам игеремін дейді. Тек өнерінің шеберлігіне дауасыз дерт – кәрілік әсер етіпті. Адам қартайсада, көңіл қартаймайды деген мақал осындайда еріксіз еске түседі.

00087-mts-still001Кез-келгеннің жүрегі дауламайтын қиын әрі қызық өнерді серік етіп, өмір бойы қол ұстасқан Икрам мен Гүлжаһан Ниязовтардың өткен өмірлері жайлы білгеніміз осы болды. Мәңгілік өмірге аттанған палуан, акробат, тума талант Икрам Ниязовтың жатқан жері жәйлі, ал артында қалған жұбайы, қазақ циркінің қарлығашы Гүлжаһан Ниязова мен ұрпағының өмірі ұзақ болсын деген әдемі тілекпен бағдарламаны түйіндейміз.

Бағлан Байкөбекқызы

Previous Post

Облыс тұрғындарының назарына!!!

Next Post

Елбасы «Қазанат» ипподромына барды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.