• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО-да құрылысшылар 11 мыңға жуық пәтер салып жатыр

11.08.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі аталып өтті. Тамыз айының екінші жексенбісінде тойланатын осынау мейрамда аталған кәсіп иелерін құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл саланы дамыту бүгінде мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеті болып табылатынын жеткізді.

«Құрылыс индустриясының өркендеуі, әлеуметтік маңызды нысандардың салынуы әлемдегі отыздыққа ұмтылған елімізде ерекше орын алады. Соңғы жылдары құрылыс нысандарын салуға арналған инвестициялар көлемі республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден, сонымен бірге жеке компаниялар мен фирмалардың қаржылары есебінен едәуір өсуде. Атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын-үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту сияқты әлеуметтік маңызды салаларға мемлекет тарапынан орасан зор көңіл бөлініп, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламары шеңберінде қарқын алып отыр», — деді өңір басшысы.

Саладағы осынау ақпараттармен бөліскен аймақ басшысы мұнан соң, құрылыс саласында көптеген жылдар еңбек етіп, өңірдегі бірқатар құрылыс нысандарының бой көтеруіне атсалысқан құрметті құрылысшыларды марапаттады.

Атап айтқанда, салаға еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» төсбелгісін, бес азамат аталған министрліктің Алғыс хатын алды. Он үш сала маманына өңір басшысының Грамотасы берілсе, бес азамат әкімнің Алғыс хатымен наградталды. Жалпы, бұл күні 40-қа жуық құрылыс саласына қатысты азаматтар марапатталып, ел адындағы мерейі үстем болды.

Жалпы, 2017 жылы облыс аумағында 209 әлеуметтік нысан құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына 64,9 млрд.теңге қаралды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 116 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ұлттық қордан – «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 мектеп құрылысын жүргізуге 17,4 млрд.теңге бөлінсе, 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 5 мектеп тапсырылды.

Тұрғын үй құрылысы дамуының негізгі факторы – құрылысқа инвестициялық қаржылардың көптеп бағытталуы болып табылады. Баспанамен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс деңгейі дамуының негізгі көрсеткіші. 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл дегеніңіз 10 879 пәтер. Жыл соңына дейін 115 үйді (6375 пәтер) пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2017 жылдың жеті айында ОҚО аумағында 348,0 мың ш.м. (3154 пәтер) тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 115,%-ға орындалды. 2017 жылдың жоспары – 550,6 мың ш.м. тұрғын үйді аяқтау жоспарланса, жыл қорытындысымен 700 мың ш.м. пайдалануға тапсырылады деп күтілуде.

Жол құрылысы саласын дамытуға 2017 жылы бюджеттен 29 млрд 445,7 млн. теңге қаралып, 584 нысан немесе 1 570 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Облыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 115,4 шақырым жол құрылыыс аяқталады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Астана оқушылары бірыңғай мектеп формасын киеді

Next Post

Облыс тұрғындарының назарына!!!

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.