• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет алдағы бес жылда жұмыссыздықпен қалай күреспек?

09.08.2017
0

2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл 85,3 млрд теңге бөлінді

Еңбек ресурстарының сапасын мемлекет қалай көтермек? Кімдер жаппай оқытылатын болады? Өз кәсібін ашуға ниетті адамдарға қолдау көрсету үшін ел қазынасынан қанша қаржы бөлінді? Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға қандай көмек болады? Бүгін үкімет отырысында өнімді жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының биылғы жеті айдағы қорытындысы пысықталды.

Ресми статистикаға сүйенсек, биыл елімізде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендепті. Жұмыспен қамтылғандардың саны өскен. Бұл жергілікті жерлерде 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру есебінен қамтамасыз етілген. Дегенмен, кейбір облыстарда бұл жұмыс сылбыр жүріп жатыр. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында аталған көрсеткіш төмен. Ал Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстарында тұрақты жұмыс орындарының үлесі елу пайызға жетпей тұр.

Жұмыссыз халықтың «сапасы» төмен бе..?

Бұл ретте өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағдарламасының алдында маңызды мақсат-міндеттер тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, ел халқының бұл бағдарламаға қызығушылығы әжептәуір. Мәселен, бағдарламаның бірінші бағыты — жұмыссыздарды жаппай оқыту халық арасында танымал болуға тиіс. Қазірдің өзінде 248 мыңнан астам адам мемлекет есебінен оқып шығуға ниет білдіріпті. Салыстыру үшін айтсақ, былтырғы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына қатысуға 94 мың адам ғана ынта танытқан, бұл қазіргі көрсеткіштен екі жарым есе аз.

«Халықты жаппай оқыту мақсаты еліміздегі еңбек ресурстары сапасының төмендігінен туындаған болатын. Мысалы, ресми статистика бойынша жұмыссыз халықтың 25 пайызы орта мектептік білімі ғана бар адамдар, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында жартысының арнайы білімі не кәсіби дағдысы жоқ», — деді Нұрымбетов бағдарламаның жеті айдағы қорытындысы талқыланған үкімет отырысында.

Сондықтан мемлекет «сапасы» төмен жұмыссыздарды оқытпақ ниетте. Ең алдымен, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей, оқу орнына түспей қалған мектеп түлектеріне мүмкіндік беріледі. Сонымен биыл өздігінен оқуға түсе алмаған 21 мың жас білім алғысы келеді. Оларды 321 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы бірінші қыркүйектен қабылдауға дайын. Айтпақшы, бағдарлама есебінен бұл жастардың шәкіртақысы, бір мезгіл ыстық тамағы, сырттан келгендердің жол мен баспана жалдау шығыны өтелетін болады.

Бұдан бөлек, жұмыссыздарды оқытудың екінші түрі де бар. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен сәуір айынан бастап 28 мың адам қамтылған екен. Бұл оқу шілде айынан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасымен бірлесе кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында ұйымдастырылған. Әзірше тізімге қырыққа жуық кәсіпорын еніпті. Жыл соңына дейін 70 мыңнан астам адам оқытылмақшы.

Қаладағы ағайынға да қолдау керек

Бағдарлама, сондай-ақ, өз кәсібін ашып, нәсібін көргісі келетіндерге көмек көрсетуді көздейді. Бұл үшін ең алдымен кәсіпкерлік негіздерін оқу керек, кейін жеңілдетілген шарттармен шағын несие алуға болады. Нұрымбетовтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарына 12 млрд теңгеге 3 101 несие беріліпті. Әуелі, шағын несие тек ауыл тұрғындары үшін қарастырылған еді. Енді несиелеу ауқымы кеңейіп, қала тұрғындарына да осындай мүмкіндік беріліп отыр.

«Қалаларда әлі несие беру басталмады. «Даму» қорының мәліметтері бойынша қазір әлеуетті несие алушылардың тізімі толық дайын», — деп атап өтті вице-министр.

2017 жылы қалалардағы кәсіпкерлік қызметке 10 млрд теңге бөлінген. Оның республикалық бюджеттен қарастырылған 3 млрд теңгесі «Даму» қорына мамыр айында-ақ аударылған. Жалпы, бүгінгі күні 5,4 млрд теңге қорға түскен. Бірақ, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қалған қаражатты кейбір жергілікті атқарушы органдар, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы әкімдіктері аударуға асықпай отыр.

Бұдан бөлек, жаңа бағдарламаның қарқынына ілесе алмай жатқан өңірлер бар. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 32 адам ғана шағын несие алыпты, бұл жоспардың алты пайызы. Ал Оңтүстік Қазақстанда бұл көрсеткіш — 21, Қызылорда облысында — 23 пайыз.

Оңтүстіктен көш келеді…

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жалғасады. Биылғы жылы солтүстік өңірлерге 2388 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Ал 2022 жылға дейін 59 мың отбасыны көшіру жоспарланып отыр.

Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден адамдарды еңбек күші жетiспейтiн солтүстікке көшіру бiраз мәселенi шешетiнi рас. Өйткені мамандар 2050 жылға қарай оңтүстiк пен солтүстiк арасындағы демографиялық тепе-теңдік сақталмаса, көп қиындық орын алуы мүмкін деп отыр. Ғалымдар жүргiзген зерттеулер көрсеткендей, егер қазiргi жағдай өзгермесе, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының басым көпшiлiгi, шамамен 50 пайыздан астамы оңтүстiк өңiрлерде өмiр сүретiн болады. Сөйтіп оңтүстiкте халықтың қоныстану тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түседi. Бұл дегеніміз оңтүстiк өңiрлердегi әлеуметтiк жүйеге түсер салмақ еселеп артады.

«Бүгінгі бағдарлама шеңберінде оңтүстіктен солтүстік өңірлерге 172 отбасы ерікті түрде қоныс аударды және 1279 отбасы қоныс аударуға дайын. Әрине, бұл – өте аз көлем. Сондықтан біз үкіметте бұл мәселені жеке қарастырып, талдау жасадық. Егер аталған 4 солтүстік облыста (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай — автор) демографиялық, көші-қондық үрдістер сақталатын болса, алдағы 5 жылда экономикалық белсенді халықтың саны 167 мыңға адамға азайып кетуі ықтимал. Сондықтан осы облыстарда еңбекке жарамды халық санын сақтап қалу үшін алдағы 5 жылда кемінде 59 мың отбасының қоныс аударуын ұйымдастыру қажет деп шешілді», — деді Нұрымбетов.

Тағы бір ескерерлік жайт, мемлекет адамдарды қоныс аударуға мейлінше ынталандыратын болады. Олардың көші-қон шығыны өтеледі, баспана жалдауға субсидия бөлінеді, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несие алу тетіктері пысықталады.

«Бұдан бөлек, қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін өтеусіз пайдалану құқығында конкурссыз жер телімдерін беру, жаңа бизнес-идеялары бар, «Бастау бизнес» жобасы бойынша білім алған және кәсіпкерлер палатасының оң қорытындысына ие тұрғындарға гранттар беру және «Серпін-2050″ жобасына қатысушы түлектерді, оларды шыққан өңірлеріне қарамастан біздің бағдарламаның қатысушы құрамына енгізу көзделіп отыр», — деді Нұрымбетов.

Көшке кедергі түйіткілдерді шешу үшін биылғы жылдың соңына дейін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер де енгізілмек. Қосымша қаражат бөлу жағы да қаралады.

Жалпы, жаңа бағдарлама аясында елдегі жұмыссыздықпен күреске биыл мемлекет қазынасынан 85,3 млрд теңге қарастырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.