• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» өтініш берушілер саны артып келеді

28.07.2017
0

Астанадағы ОКҚ-де «SarapТaim» сарапшылар клубының «Қазақстандағы 100 жаңа есім – жетістіктер тарихы» атты пікірталас отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

18 млн қазақтан 100 жаңа есімді анықтау оңайға соғар емес. Қазіргінің өзінде мыңнан астам өтініш келіп түскен.

«SarapTime»-ның бүгінгі сарапшыларының қатарында «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов, «Бюро 100» бастамашыл тобының мүшесі Махаббат Есен, «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің басшысы Қымбат Досжан, Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен, сондай-ақ, сарапшылар мен журналистік қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, қоғамдық пікір мен азаматтық қоғам көшбасшылары, танымал блогерлер қатысты.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ директоры Артур Нығметов отырысты аша отырып, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен әртүрлі өңірлердегі, түрлі жастағы және ұлты әртүрлі 100 нақты адамның тарихы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол 100esim.el.kz сайтының іске қосылғандығын хабарлады.

Енді тілек білдірушілердің әрқайсысы жобаға енгізу үшін өзі немесе өзінің таныстары туралы ақпаратты жолдауына болады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына бүгінгі таңда әртүрлі жастағы түрлі мамандық иелерінен 1000-нан астам ұсыныс түскен.

Евгений Кочетов жиналғандарға өтінімдерді беру тәртібін түсіндірді. Өтінімді іріктеудің негізгі өлшемдері — Тәуелсіз Қазақстанның дамуына тұлғаның нақты қосқан үлесі болмақ.

«100 жаңа есім» жобасы арқылы өзіміз танымайтын адамдарды біліп жатырмыз. Жалғыз Қазақстаннан емес шетелден де өтініштер келіп түсіп жатыр. Мәселен, жақында Берлиндегі қазақтардан ұсыныс келіп түсті. Көпшілік маңызды жобаға назарын бұрса деген тілек білдіргіміз келеді», — дейді Евгений Кочетов.

Осы орайда, 100 жаңа есімге кімдер қатысуы керек екендігін талқылаған қоғам белсенділері бұл жобаның әлі де нақты талаптары мен ұстанымдарын айқын белгілеу керектігіне тоқталды.

«Әрбір тұлғаның, 100 жаңа есімге ұсынылған қайраткерлердің екі жағы барын ұмытпайық. Мысалы біз бүгінгі күннің батыры ретінде таныған азаматтардың, қоғамға, келер ұрпаққа үлгі болар қандай ерліктері барын, қандай қызметтері барын нақтылай түсуіміз керек. Көршісінің үш баласын өрттен құтқарған азаматты 100 есімнің бірі ретінде қосқанымызбен, оның қалған өмірі қалай өрбіп жатқанынан хабарымыз болмаса, оны қалай 100 есімнің қатарына қоса аламыз? Немесе, Қазақстан атын әлемнің өзге түкпірінде ұлықтап жүрген азаматтарымыз бар. Оларды Қазақстанда тұрмайды деп, 100 есімге кіргізбей тастауға бола ма? Міне осындай мәселелердің басын ашып алған орынды» — дейді «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің басшысы Қымбат Досжан.

Пікірталас қатысушылары 100 жаңа есімге жерлестік, рушылдық немесе таныстық емес, керісінше елге мақтаныш, ұрпаққа үлгі болар азаматтардың кіруін қадағалау керектігін сөз етті.

Сонымен бірге, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына шеттегі қандастарымыздың да кіру-кірмеуі туралы сөз болды. Дегенмен бұл алдағы уақытта арнайы талқылауды қажет ететін мәселе екені айтылды. Себебі мұнда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» деп анық жазылған.

Ал естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын BAQ.kz тілшісіне берген сұқбатында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Талғат Мамашев «Дүниежүзі қазақтарының 100 жаңа есімін» анықтауды бастағандарын жеткізген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

Previous Post

Д. Абаев: Қазақстанда мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр

Next Post

Қазақстан бюджетін толтырып отырған негізгі 5 аймақ белгілі болды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.