• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

А. Мырзахметов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

27.07.2017
0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов еліміздің батыс аймағына жасаған жұмыс сапарының жалғасы ретінде Маңғыстау облысында болды- деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Вице-премьер жұмыс бағдарламасына сәйкес Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы «Казах осетр» ЖШС-на барды. Аталған серіктестік өңірдегі бірден-бір бекіре етін шығаратын бекіре фермасы болып табылады.

Мұнан соң облыстық әкімдікте АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған отырыс болып өтті және де онда мал шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қауіпсіздік пен балық шаруашылығы мәселелері қаралды.

Отырысқа Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындары, шаруалар мен салалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Осынау екі облыстың Каспий маңындағы географиялық тұрғыда қанаттаса орналасуын ескере отырып, бірінші кезекте балық шаруашылығына баса мән берілді. Ол жерде ағымдағы жағдайға байланысты бұған дейін дәстүрлі түрде өндірістік аулауға негізделіп келген балық шаруашылығы саласының көп жылдық стратегиясын түбегейлі өзгерту керектігі атап өтілді. Яғни, табиғи суаттардан биоресурстарды алғаннан бөлек, тауарлық балық өсіруді қолға алған жөн.

Жалпы алғанда, тауарлық балық шаруашылығы мемлекеттік қолдаудың арқасында елдік ауқымда жағымды динамика көрсетіп отыр. АӨК-ті дамыту бағдарламасы аясында тауарлық балықты өндіруді 2021 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Аталған ресми құжатта балық жемін субсиядиялау жолымен алғаш рет кәсіпкерлердің шығындарын жарым-жартылай өндіру (30%) мәселесі де қарастырылған.

Сонымен қатар, жабық сумен қамтамасыз ету жүйелерін орнату арқылы балық өсіру шаруашылықтарын құруға берілетін инвестициялық субсидиялар көл маңындағы шаруашылықтарға арнайы құрал-жабдықтар мен арнайы көлік алуға да қарастырылған. Балық аулаушылар үшін жаңалық болып отырған жайдың бірі – тыйым салынған аулау құралдарына тыйым салу, оның ішінде, моноталшықтардан жасалған торларға тыйым салынуы.

Бұдан әрі де мал шаруашылығы мен ауылшаруашылық кооперациялары мәселелері талқыға түсті. Бүгінде ел аумағында 517 ауылшаруашылық кооперациясы бар болса, олардың 15-і Атырау облысында тіркеулі.
А.ж. шілдеде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Маңғыстау және Атырау облыстарында ірі қара мал мен ұсақ қара мал басының, жылқы, түйе, құс санының өсу тенденциясы байқалуда.

Қазіргі таңда АШМ 1 345 белсенді қайта өңдеу кәсіпорынынан тұратын қайта өңдеу кәсіпорындарының мәліметтер базасын қалыптастырды.

Сонымен қатар, 435 кәсіпорынға ұсынылған қайта өңдеудің 9 басым түрі анықталып нақтыланды. Атап айтқанда, сүт, ет, тері, жүн, майлы және астық дақылдары, көкөністер мен жемістер, қант қызылшасы мен картопты қайта өңдеу назарға алынды. Осылайша әрбір облыс пен аудан кесімінде қайта өңдеу кәсіпорындарын орналастырудың картасы дайындалды.

Отырыс барысында А. Мырзахметов сұрақ-жауап форматында қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе, ведомство басшысы «Ақбидай» астық терминалы мен Ақтау теңіз терминалында болды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.