Қызылорда қаласының №2 соты төрт жыл бойы салық төлеуден жалтарып келген «Сибу Қызылорда Қазақстан-Қытай инженерлік бұрғылау компаниясына» қатысты істі қарады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі сотқа сілтеме жасап.
Бұл іске байланысты Қазақстанның — үш және Қытайдың екі азаматына 2011-2014 жылдары аралығында жалпы сомасы 1,3 млрд теңге көлемінде салық төлемегені үшін айып тағылған болатын.
Бүгінгі күні компания өкілдері мемлекет алдындағы қарыздарын толық көлемде өтеді. Осыған орай сот ҚР ҚК-нің 245-бабына сәйкес оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Дереккөз: inform.kz